Материал: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Өзінің мазмұны жағынан, мәнділігі жағынан бірінші томның орны бө­лек. Мұнда автор өз заманындағы тарихтың алатын орны туралы ай­ты­­ла­ды. Ол тарихтың практикалық қажеттілігін, оның саяи ғылым екен­ді­­гін ба­са көрсетеді. Бірінші томының 81–інші бетінде отан тарихының жас­­тар­ға патриоттық тәрбие берудің таптырмас құралы екендігі айты­ла­ды.

В.Н. Татищев тарихи деректерге аса мән берді. Ол алғаш рет орыс тарихнамасында тарих деректерді топтау және сынау мәселесіне тоқтала­ды. Тарихи деректерді жинаудың тәсіл–амалдарын ойластырды. 1737 жы­лы Ресей империясының жергілікті әкімшіліктеріне хат жолдап, онда ел та­ри­хына байланысты мәліметтерді, оның ішінде заттай дерек­тер­ді жина­с­тыруды өтінді. Орыс тарихының көне дәуірін зерттеуде ол жылнамаларға ерек­ше көңіл бөлді.

Әлбетте, кез–келген халықтың тарихы оның шығу тегінен бастала­тын­дығы белгілі. Татищевте сөзінің басын славян тайпаларының көне та­ри­хы­нан бастай­ды. Көне деректерді салыстыра отырып, Ресей жерін ме­кен­­деген халықтардың тегін үш этникалық топқа бөледі; скифтер, сар­мат­тар және славяндар. Скифтер­ге түркі–татар көшпелі тайпаларын, сармат­тарға Балтық жағалауындағы тар және русстарды жатқызды. Ал енді славяндар Дунай өзеннінің алқабын мекен­еген, Ресей жерін жаулап алып, мұнда тұрған тайпалардың атын қабылдаған. Тати­щев нормандық тео­рия­сына тікелей қарсы шықпайды,бірақ өз кітабында бұл концеп­ция­ны жоққа шығаратын бірнеше фактілерді келтіреді.

Татищевтің тарихи көзқарасы орыс мемлекетінің мүддесіне сәйкес қа­лыптасты. Мемлекеттік құрылысты монархия, аристократия, демокра­тия сияқты үш түрге бөліп, билік жүргізудің самодержавиелік фор­ма­сын жақтады.

В.Н. Татищев Ресей тарихын үш кезеңдеріне бөлді.: 1. жеке биліктің үстемдігі (862–1132), 2. жеке биліктің бұзылуы (1132–1462), 3. жеке би­ліктің қал­пына келтірілуі (1462 жылдан). Сөйтіп, Ресей тарихын са­мо­­дер­жавие тари­ы деп түсіндірді.

Татищев Ресейде алғаш энциклопедиялық сөздік әзірлеуді қолға алды. Ол "Лексикон Российский, исторический, географический, поли­ти­­чес­кий игражданский" сөздігін “К” әрпіне дейін жасады. Бұл еңбек ол қай­тыс болғаннан кейін жарық көрді.

Бұл сөздікте қазақ тарихына байланысты мақалалар да бар. «Кай­саки и киргизы», «Киргизы и кайсаки», «Кибитка» деп аталатын мақа­ла­­ла­рын­да қазақ халқының этникалық территорясын, олардың үш жүзге бөлінетін­ді­­гін, өз арасындағы байланыс, Ресеймен, Жоңғар хандығымен қарым–қа­ты­насын баян­дайды. В.Н. Татищев қазақтың этногафиясына да көңіл ау­дар­ды. «Кибитка» деп аталатын мақалада қазақтың кигіз үйі­не сипат­та­ма береді.

В.Н. Татищев орыстың дворяндық тарихнамасының белді өкілі. Өз ең­бек­­терімен орыс тарих ғылымын тағы бір белеске көтерген ғалым. Шіркеуге, оның қоғамдағы және саясаттағы қысымшылығына қарсы күресті.

Жаңа бағыт орыс дворян тарихнамасының дағдарысына әкеліп соқ­тырды.Тарихтың ғылым ретінде мақсаты өзгерді.
Бекіту сұрақтары

  1. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысындағы орыс мәдениетіне қыс­қа­ша сиппатама бер.

  2. Орыс ғылым академиясы тарихи зерттеулерді ұйымдастыруда қан­дай шараларды іске асырды?

  3. Орыс тарихын зерттеуге неміс ғалымдары қандай үлес қосты?

  4. Норманд теориясының мәнін түсіндір?

  5. Орыс тарихын алғаш рет ғылыми түрде түсіндіруге тырысқан орыс ғалымын ата?

  6. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы орыс мәдениетінің жетістік­тері қандай

  7. М.М. Щербатовтың еңбектеріндегі рационализм және праг­ма­тизм идеяларына сипаттама бер.

  8. И.Н.Болтиннің қоғамдық–саяси және философиялық көзқарастары?



Тарихнамалық деректер:

Миллер Г.Ф. История Сибири. Т.I (М.–Л., 1939; 1999), II (М.–Л., 1941; М., 2000), III (М.,2005)

Татищев В.Н. История Российская с самых древнейших времен

Татищев В.Н. Лексикон Российский, исторический, географический, политический и гражданский

Рычков П.И. История Оренбургская»

Рычков П.И. Топография Оренбургская

Оқулықтар мен оқу құралдары

Абилев А.К. Русская историография истории Казахстана ХVШ–ХХвв. /Учебное пособие/–Караганда. Изд. КарГУ. 1988 – 86 с.


 Вернадский Г.В. Русская историография. М., 2000. – 272 с.

Историография IX–нач. XX вв. Отечественной истории. Подред.

О.В. Сидоренко. Изд–во "Дальневосточного университета". Владивосток. 2004. – 291 с.

Историография истории России до 1917 г.: Учеб.для студ. высш. учеб. заведений: в 2 Т. / под ред. М.Ю. Лачаевой. М., 2003. – 381 с.

Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История исторического знания. М., 2004. – 266 с.

VII. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ЕУРОПА ТАРИХНАМАСЫ
1.Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну

XIX ғасырдың орта шегі мен екінші жартысында әлемнің көптеген елдерінде қалалар мен өндіріс қарыштап дами бастайды. Қоғамда адамдар ара­сында қарым–қатынас, күнделікті тұрмыс және тағы да басқа адамға бай­ланысты жағдайлар өзгеріске ұшырады. Кешегі шаруа қалаға қоныс ау­дарып, Люмпен пролетариатқа айналады. Оның енді табыс көзі тек өзі­нің екі қолы ғана.Қалада оның баспанасы, тұрақты жалақы алатын жұмы­сы болу қажет. Сө­й­т­іп, қоғамда «жұмысшы проблемасы» туын­дай­ды.

Бұл кезде жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай дамып, табиғатқа материалистік көзқарас негізінде үлкен нәтижелер бере бастайды. Міне осын­дай жағдайда саяси–әлеуметтік мәселелер жөніндегі зерттеулерге де дү­ниені мате­риалистік тұрғыдан қарастыру түсінігі ене бастайды. Ғалым­дар­дың бір бөлігі тарихи процеске материалдық өндірістік әсері мол деген концепцияны қабылдайды.

Қоғамның тұғыры немесе базисі екі бөліктен тұрады. Біріншісі өн­дір­­гіш күштер. Бұған еңбек құралдары мен жұмыс күші жатады. Екін­шісі өн­ді­рістік қатынастар, яғни жұмыс беруші мен жұмысшының ара­сын­дағы өн­дірістік бай­ланыс, келісім. Осыны ғылымда қоғамның эко­номикалық ба­зисі деп атайды.

Қоғам дамуның материалистік түсінігінің негізін салған Карл Маркс. Оны қолдаған және бар көмегін аямаған Фридрих Эньгельс. Бұл екеуі де Гер­мания азаматтары. 1845–1846 жылдары «Неміс идеология­сы», 1847 жы­­лы «Нищета философии», 1859 жылы «Саяси экономи­каны сынау», 1867 жылы «Капитал», 1876–1878 жылдары «Анти–Дю­ринг», 1893–1895 жылдары «Тарихи материализм туралы хат» сияқ­ты еңбектер жазған.

К.Маркс жақсы тарихшы. Өзінің концепциясының негізінде ол Еуро­па елдерінде болған тарихи оқиғаларды алды. Ол 1848–1849 жылдары фран­цуз революциясына арналған «1848–1850 жылдардағы Франция­да­ғы тап күресі», Париж коммунасы туралы «Луи Бонопарттың 18 брю­мері
», «Фран­циядағы азамат соғысы» сияқты өзінің тарихи шығармаларын жазды. Мұнда ол саяси күрес экономикалық жағдайға тікелей байланысты екендігін дәлелдейді. Негізгі идеясы ұсақ–түйек реформаларды жүзеге асыра отыра қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі шешуге қате болмайды. Мем­лекеттік–бюрократиялық машинаны қиратпай әлеуметтік теңсіздікті жою мүмкін емес. Ф.Эньгельс те өзінің «Герма­ниядағы революция және контрреволюция», «Германиядағы шаруалар соғысы» атты шығармалары­мен тарихнамаға зор үлесін қосты.
2. Позитивизм тарихнамасының ерекшеліктері.

Жоғарыда көрсеткеніміздей капиталистік қатынас қарыштап дамып жатқан елдердегі өндірістік революция нақтылы ғалымдардың дамуын тездетті. Техни­калық және жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтар өндірістің дамуына игі әсерін тигізелі. Жаратылыстану ғылымыңдағы Ч.Дар­­вин­нің эволюциялық тео­­ри­ясы қоғамтанушыларды өз концепция­ла­рын қайта қарауға ынталандырды.

Міне осындай жағдайда дүниеге позитивизм идеясы келді. Филосо­фия ғылымының аясында пайда болған позитивизм түсініктері тарихшы­лар тарапынан да кең қолдау тапты. Тарихшылар деректерді сын тезінен өткі­зе отырып, одан нақтылы білім алуға тырысты. Ғалымдар енді шаруа­шы­лық және әлеуметтік мәселелерге кеңірек көңіл аудара бастады. Олар­дың арасында «Фактлер плюрализмі»теориясы, тарихи процеске эволю­цио­нистік тұрғыдан қарау, тарихи заңдарға функционалистік көзқарас сияқты концепциялар кең етек алды.

Позитив тарихшылары деректерді талдау әдістерін одан әрі дамытты. Олар статистикалық және салыстырмалы–тарихи әдістерді кіргізді. Тарих процеске саяси, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық, идеологиялық, географиялық, психологиялық тағы да басқа сол сияқты факторлардың әсер ететіндігін анықтайды. Тарихшы өз зерттеулерінде осы фактор­лар­дың барлығын ескеруі қажет. Сонда ғана оның шығармасының нәтижелі бо­луы мүмкін. «Фактлер плюрализмі» теориясының мәні осында. Жоға­ры­дағы факторларды тең ұстай отыра позитивист–тарихшы дегенмен өз шы­ғар­масын көп факторлардың біріне ереше көңіл аударады. Олар «Прогресс теориясын» одан әрі дамытты.

Позитивизм ілімінің негізін қалаушы француз математигі О.Конт. Өзінің көзқарасын 1832–1842 жылдары жазған «Позитивті философия курсы» еңбегінде жария етеді. Ол барлық ғылымдарды теориялық және қол­данбалы деп екіге бөледі. Тарихты ол қосымша пән деп есептеді. Ол жаңа қоғамды кең заңдылықтарын зерттейтін – әлеуметтану ғылымын ой­лап тапты. Жаңа ғылым тарихшылар тапқан фактілердің бір–бірімен се­беп–салдарлық байланысына талдау жасайды. Осылайша тарихтың заңды­лы­ғы ашылады. О.Конт адамзат тарихының дамуын кезектесіп келетін үш деңгейге бөледі (үш деңгейлік заң). Біріншісі теориялық (көне дәуір мен орта ғасыр), келесісі метафизикалық (XVI– XVIII ғасырлар) соңғысы по­зи­тивтік немесе ғылыми (қазіргі уақыт). Бір деңгейден келесісіне қоғам эволюциялық жолмен жетеді.


Позитивизм идеяларын қолдаған ағылшын тарихшыларының бірі Им­по­лит Адольф Тэн. Ол 1863–1854 жылдары «Ағылшын әдебиетінің та­ри­хы», 1876–1893 жыл­дары «Происхождение современной Франции» ат­ты еңбектер­інде жаңа әдістерді пайдалана отырып жазды. Бірінші кітап тарихи–генетика­лық, ал екіншісінде «психологиялық» әдіс пайдаланды. Оның тарихи концеп­ция­ларына қысқаша тоқталып өтейік: Қоғамның пси­х­о­­логиясына үш фактор әсер етуі мүмкін. Кез келген елдегі тарихи про­цеске әсер ететін негізгі фактор­ларды И.Тэн «нәсіл–расса» деп атайды. Яғни сол елдің халқының ұлттық ерек­шеліктері. Келесі фактор сол елдің гео­графиялық саяси–әлеуметтік жағдайы. Ал соңғысы «Тарихи сәт» (исторический момент) – Тарихи дәстүр, география­лық орта және ұлттық ерек­шелік негізінде «тарихи сәт» қалыптасады. Осы кон­цеп­цияны пай­далана отырып И.Тэн 1871 жылы Франциядағы Перион коммуна­сының бас­тауына тоқталады. Ол мұрағат қорларынан біраз құжаттыр жинап XVIII ғасырдағы француз рево­люциясының тарихын баяндайды. Халықтық қоз­ғалыстың екі тобына ол ерекше тоқталады. Алғашқы топ қарапайым халық. Оны автор дөрекі, надан, ағарту философиясын бойына сіңірген, алдында кездескенің қиратушы, талқандаушы күш ретінде суреттейді. Екіншісі якобин­шілер. Бұлар ерекше бір психологиялық тип. Руссоның идеясында тәрбие­ленген, өмірде өзіне орын таба алмаған, тағдырына өкпелі, былшыл, артық әңгі­меге жақын, өнбейтін шаруаның соңынан қуатын адам. Яғни революция қоғам­ға пайдасы аз, бар құнды­лық­ты қирататын қозғалыс. И.Тэннің кітаптарын кон­сер­вативті топ зор ықыласпен карап алады.

Бірақ XX ғасырдың басында француздың А.Олар атты тарихшысы И.Тэн еңбегіне күйрете соққы берді. 1907 жылы оның «Тэн–тарих­шы­сы» – атты кітабы жарық көрді. Онда ол Тэннің пайдаланған құжаттары өтірік деген қорытындыға келді. Олар ғылыми анықтама аппаратын толық тек­серіп, кейбір құжаттарды пайдаланудағы И.Тэннің оның мазмұнын әдейі бұзғандығын, кейбір фактілер негізінде бұрыс қоры­тынды жасағандығын атап көрсетті. И.Тэн шығарма­лар­ының қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталмаған, зияңды еңбек екенд­і­гін дәлел­деуге тырысты.

Ағылшын елінде позитивті идеяны қолдаған тарихшы Генри Томас Бок­аль болды. Ағылшының белгілі тарихшысы 19 тілді білді, кітапха­на­сы­нда 22 мың кітабы бар еді. Оның арманы «Адамзат өркениетінің тари­хын» жазу еді. Алдымен «Ағылшын өркениеті тарихы» атты екі томдық ең­бегі жарық көрді. Ол адамзат тарихы табиғат тарихының жалғасы ре­тін­де көрді. Тарихшы табиғи ортаны, байлықтың бөлінісін, халықтың өсімі про­цесін, әсіресе, білімнің жи­нақ­талуын зерттеуі қажет. Бокаль қоғам эво­лю­циясының факторларын сипат­тайды. Көне қоғамда өркениет жетіс­тіктері географиялық ортаға тәуелді еді. Өркениет өзінің келесі деңгейінде азаматтың ақыл–ойына байланысты дамыды. Оның концепциясының негіз­гі идеясы – өркениет адамның ақыл–ойы эволю­циясына байланысты.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/3973