XIX ғасырдың екінші жартысында Алмания жерінде белгілі тарихшы Ранке негізін салған мектеп өкілдері неміс тарихнамасында өз орнын алды. Олар көбінесе сыртқы саясат пен дипломатия тарихына аса назар салды. Олардың қатарына Г.Зибель, Г.Грейгке және Иоган Густав Берихад Дройзен жатты.
Генрих Зибель тапсырмасымен «Герман империясының негізін қалау» атты шығармасымен неміс тарихнамасын байытты. Г.Грейгкенің «Неміс тарихы» монографиясы, И.Дройзеннің «Прусс саясатының тарихы» зерттеуі де тарихнамаға қосылған үлкен үлес еді. Бұл шығармаларды неміс қоғамын біріктіру процессіндегі Пруссия миссиясы мен Гогенцоллердердің рөлін дәлелдейді.Сол кезеңде Алманияда елдің экономикасы мен әлеуметтік тарихын зерттеуге ат салысқан да ғалымдар болды. Елде позитивистік тұрғыдағы саяси экономия тарихи мектебі қалыптасты. Бұл мектептің көрнекті өкілдері Г.Шноллер, А.Вагнер, Л.Бренитано еді. Аты аталғандар негізінде экономикалық факторларға көңіл аударды. Олар экономикалық фактор психологиялық және табиғи факторлардың өзара тығыз байланыста ғана оң нәтиже беретіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар гогонцоллерндердің әлеуметтік миссиясы концепциясын негіздеді.
Карл Брюхер (1847–1980) деген тарихшы герман тарихын кезеңдеудің жаңа схемасын ұсынды. Оның негізіне шаруашылық түрлерінің жатқандығын көрсетті.
Позитивтік бағытта зерттеу жұмысын жүргізген екінші бір неміс ғалымы Карл Лампрехт (1856–1915). Өз творчествасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани факторлардың синтезінде универсалды тарих жазуға тырысты. Тарих заңдылық психология заңдылығының бір түрі екендігін, ал тарих дегеніміз белгілі бір әлеуметтік психологиялық заманның ауысуы екендігін дәлелдеді.Мәдениеттің психологиялық сатылары герман тарихын кезеңдеудің негізі болды. 1891–1909 жылдары жарық көрген «Герман халқының тарихы» – атты шығармадағы герман тарихының алғашқы фазасы– шаруашылықтың ұжымдық түрі – «анимизм». Меншіктің пайда болуына байланысты жеке шаруашылық қалыптасады. Бұл дәуірді неміс ғалымдары «символизм» – деп атайды. Бұл дәуір ерте орта ғасырдан бастап X ғасырға дейін созылды.
Дамыған орта ғасырға Ламперехт екі мәдени кезеңді сиғызды: X–XIII ғасырлардағы – «типизм», XIII–XIV ғасырлардығы «конвенционализм». Бұл уақытта натуралды шаруашылық пен феодалдық вотчина үстемдік құрды. XV ғасырдан бастап товарлы–ақша қатынасының пайда болуына байланысты
«индивидуализм» кезеңі басталады. Ал XVIII ғасырда оны «субъективизм» кезеңі ауыстырады. Сословиялық құрылыс ыдырайды және еркін экономикалық әрекет кезеңі туады. Әрбір мәдени кезең ішінде арнайы «әлеуметтік жан» пайда болады. Оны зерттеу үшін Лампрехт адамның психологиялық өмірін зерттейтін ғылым саласының қажеттігін айтады. Америка тарихнамасында позитивтік бағыт ұстанған Дон Мак Мастер өзінің «Америка халқының тарихы» – шығармасында халықтың тұрмыс–тіршілігін, әдет–ғұрпын, рухани жағдайына көңіл бөлді. Тарихи дерек ретінде газет–журнал мақалаларын, ұмытылған естеліктерді, хаттар мен күнделіктерді пайдаланды. Ол өз елінің тарихын эволюциялық процесс ретінде қарастырды. Тәуелсіздік үшін болған соғыс респектабельді революция. Оның негізгі қозғаушы күші «Ұлы орта тап».
Американдық екінші бір тарихшы Генри Адаек (1838–1918) америка тарихы бойынша лекция оқыды. Соның нәтижесінде «Донефферсон және Мэдисон билігі кезінде АҚШ тарихы» – атты еңбек жазды. Кітап позитивизм методологиясы тұрғысынан жазылған. Автор американдық әлеуметтік дамуын табиғаттағы физикалық құбылыстармен салыстырады. Ол елдің діни өмірін зерттейді, білім беру ісіндегі ағарту идеяларының рөлін ашты, отаршылдықтың американдықтар психологиясына әсерін түсіндіруге тырысты. Американ ұлттық сипатының эволюциясының нәтижесінде «жаңа типтегі адам» пайда болды.
Француз позитивистік тарихнамасының екінші өкілі Алексис Шарль – Анти Клерель де Токвиль (1805–1859). Белгілі қоғам қайраткері, парламент депутаты, әлеуметтанушы, тарихшы. Оның алғашқы іргелі шығармасы 1835–1840 жылдары жазылған «Америкадағы демократия». Мұнда ол Франциядағы және Америкадағы бірінші революцияларды салыстырады. Америка революциясы тәртіп пен заңды сақтай отыра діни рух пен бостандық идеяларының қабысқанына ғана ерекше көңіл аударады. Токвиль буржуазия мен дворяндар мүдделерінің одағы болған ағылшын саяси құрылысын мадақтайды.
Оның негізгі тарихи шығармасы 1856 жылы жазылған «Ескі тәртіп және революция». Бұл кітапты жазуға себеп болған 1848–1849 жылғы француз революциясы мен III Наполеонның төңкерісі. Авторитарлық режимге қарсы бола тұра Токвиль революциялық қайта құруларды ұнатпайды. Ол ескі тәртіпті француз халқы жеккөргендігін айта келе революцияны антифеодалдық деп есептейді. Бірақ ол ескі тәртіпті революциялық жолмен жою міндет емес екендігін, оның басқа да жолдары бар екендігіне тоқталады. Ол революция қарсаңында Францияда буржузиялық қоғамның негіздері қалыптаса бастағандығын атап көрсетті. Шаруалар меншігі, әкімшілік децентрализация, азаматтар құқығы сияқты шаралар іске асқан болатын. Революция бұл процессті тездетті. Оның франция қоғамына пайдасынан зияны көп болды. Токвиль алдына мынадай сұрақ қояды. Революция қандай себептермен іске асты. Бірақ оның себептерін іздеудің орнына оған жауаптыларды іздеді. Әлбетте революция алдында Францияда деспотизм орнатқан ескі үкімет кінәлі еді.
3. Еуропа романтикалық тарихнамасы.
XVIII ғасырдағы Француз революциясы тек қана өз елінде ғана емес бүкіл Еуропаға, қала берді әлемінің басқа да елдеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бүкіл континентте буржуазиялық қайта құрулар басталды. Ағылшын елінде басталған өндірістегі жаңалықтар басқа да елдерге тарай бастады. Мұның өзі қоғамда жаңа екі таптың – буржуа мен жұмысшы таптарын дүниеге әкелді. Әлеуметтік саладағы өзгерістер, әлбетте, жаңа қоғамдық сананың қалыптасуына әсер ететіндігі белгілі. Либерализм (көпшілігі), консерватизм, радикализм, социализм сияқты идеологиялық ағымдар пайда болды.
Әлеуметтік төңкеріс қоғамда қоғамдық–саяси пікірталастарды туғызды. Көпшілік ойшылдардың революциядан күткен үміттері ақталмады. Ағартушылардың аңсаған қоғамдағы мемлекеттік құрылыс пен әлуметтік құрылымының өзгеруі орындалды. Абсолюттік монархия орнына азаматтық қоғам және конститутциялық монархия келді, жаңа таптар пайда болды. Бірақ шынайы бостандықтың ауылы әлі алыс еді. Тарихи процесті «табиғи құқық» (естественное право) және «қоғамдық келісім» (общественный договор) тұрғысынан түсіндіру күмән туғызды. Прогрестің бір түзудің бойымен даму концепциясы да дағдарысқа ұшырады. Революция нәтижесі жаңа саяси тұжырымдарды дүниеге әкелді. «Қоғамды алға жылжытатын – күрес» теориясы басымдылық таныта бастады.
Романтизм түсінігі. Міне осындай жағдайда мәдениетте, әлуметтік–гуманитарлы ғылымда жаңа–романтизм бағыты қалыптасты. Бұл терминді әдабиет теориясына кіргізген Фри́дрих фон Га́рденберг (Новалис–лақаб есімі) деген неміс әдебиетшісі еді. Белгілі фактілерге, ұғымдарға жаңаша түсінік беру романтиктердің негізгі мақсатына айналды. Бұл бағыт, тек көркем шығармаларға ғана әсер етіп қоймай, бүкіл қоғамдық ой мен ғылымды да қамтыды.
Міне, осындай жағдайда, XIX ғасырдың орта шенінде тарих ғылымында үстемдік құрған романтизм тарихнамасы пайда болды. Дегенмен де, осы кезде ағарту дәстүрінің классикалық түріндегі рационализм бағыты мен мектептері қатар өмір сүрді.
Романтикалық тарихнаманың негізгі позитивті белгісі – тарихилық (историзм) еді. Яғни, тарихи процесстің дамуы, жеке бір тұлғаның қолында емес, оның ақыл ойынан тыс дамиды. Бұл бағытты ұстанған ғалымдар, қоғамдық құбылысты зерттеуде оның нақтылы пайда болған заманынан шырқау биігіне дейін және ыдырау процессін зерттеу қажеттілігіне көз жеткізді.
Романтизмнің тарихи көзқарасы. Тарихи процесстің дамуын адамзаттың ғаламдық дамуынан іздемеу керек. Оны тек нақты бір халықтың немесе бір елдің тарихы арқылы білуге болады. Яғни, дамудың универсалды даму жолы жоқ (ағартушылар айтқандай) әр халықтың тарихының өзіне тән белгілері бар. Әрине, бұл идеолистік филофосияның негізінде әр халыққа тән «халықтық рух» бар деген идея. Бұл идеяның негізін қалаған Монтескье Вольтер сияқты ағартушылар қалаған еді. Бірақ ол рационалді тарихнамада өзінің қажетті орнын ала алмады. Кейін, неміс ғалымдары одан әрі дамытып, оған басқаша түсінік, басқаша мазмұнын берді.
Романтикалық тарихшылар әрбір тарихи кезеңнің белгілерін оның ұлттық және географиялық негіздермен байланыстырды. Әр заманның, әр елдің, әр халықтың өзіне тән рухани, мәдени және шаруашылық ерекшеліктері бар. Тіпті күнделікті тұрмысы мен киім киісі де ерекше. Қоршаған орта мен қарым–қатынасында да айырмашылықтары бар. XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы тарихшылар «Вживания» (жаттығу; көндігу; төселу; үйрену;), «Вчувствования» (сезіну), «Сопереживания» (бірге мазасыздану). Тарихилықтың қоғамдық ой пікірдегі үстемдігі XIX ғасырдағы бірінші жартысындағы қоғам өмірінде тарихтың беделінің өсуіне әсер етті. Ол «ғасырдың ғылымы» атанды. Осыған байланысты кәсіби тарихшылардың үлес салмағы көбейді. Еуропада тарихи қоғамдар құрыла бастады, журналдар ашылды, мұрағат және мұражай жұмыстары жанданды. Кейбір елдердің тарихына байланысты көп томдық тарихи деректер жарық көрді. 1826 жылдан бастап Германияда «Германия тарихының ескерткіштері», 1835 жылдан бастап Францияда «Франция тарихы бойынша жарияланбаған құжаттар» (400 том), 1836 жылдан бастап Италияда «Отан тарихының ескерткіштері», 1832–1861 жылдары Америкада «Америка мемлекеттік құжаттары» (38 том) шыға бастады.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа елдеріндегі тарихи деректердің жариялануы қоғамының тарихқа деген қызығушылығынан туындады. Естеріңізде болса, дәл осындай іспен XVII–XVIII эрудиттер айналысқан еді.
Тарихи деректердің жаппай жариялануы, олармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру мәселесін күн тәртібіне қойды. Неміс тарихнысы Леопольд Ранке, осы шаруаны өз қолына алып, тарихи сын әдісін қолданды.
Тарихқа деген қызығушылық қоғамдағы білімді адамдардың көпшілік бөлігін қамтыды. Тарихи шығармалар газет журнал беттерінде талқыланып конференциялары мен семинарлардың негізгі тақырыбына айналды.
Франсуа Гизо, Фридрих Шлоссер, Тимофей Грановскийдің лекциялары үлкен аудитория жинады. Осы кезде әдебиетте тарихи роман жанры қалыптасты Вальтер Скотт, Виктор Гюго, Онре Де Бальзак, А.Пушкин, Д.Ф.Купер сияқты жазушылардың тарихи шығармалары көпшілік оқырманның сүйіп оқитын шығармаларына айналды.
Айта кетер бір жай романтизм идеясы әртүрлі елдердің тарихшыларына әсері бірдей болмады. Оның әртүрлі бағыттары қалыптасты. XIX ғасырдың алғашқы жылдары романтизм бағытын ұстанған кейбір жазушылар мен тарихшылар тарихи процеске консервативті, ал енді кейбіреулері, тіпті реакциялық қоғамдық позициядан қарады. Олар француз революциясына да, буржуазиялық қатынастарға да теріс көзқараста болды. Эдмунд Берг Англияда, Новалис Гейнрих фон Офтердинген, Людовиг Тик, Фридрих Шлегель Германияда, Франсуа Рене де Шатобриан, Жозеф де Местр, Луи–Габриэль–Амбруаз Бональд Францияда.
Осы бағыттағы тарихшылар мен публицистер француз революциясына, оның нәтижелеріне және ағартушылардың идеяларына қарсы мақалалар жариялады. Әсіресе, сынға ұшырағаны, ағартушылардың адамзат ақыл ойының мүмкіншілігінің шексіздігі ғылыми танымның рационалді тәсілі сынға алынды. Олар тарихқа мистикалық, провиденциялдық көзқарасты жақтады.
Консерватор романтиктер орта ғасырды, ондағы адамдар арасындағы қарым–қатынасты, христиандық бірлікті, «рыцарь» мен «әулиелердің» заманын асыра мадақтады. Әсіресе, христиан дінінің құндылықтары ең жоғарғы рухани байлық болып есептеледі. Сөйтіп, буржуазия заманының рухсыз, ұсақ түйек есепке, эгоизмге негізделген қоғамын сынады.
Германия классикалық романтизмнің отаны еді. Дәл осы жерде романтикалық көзқарастың негіздері жасалды. Германия тарихнамасында консервативті романтизмнің мерейі үстем болды. К.Ф.Савиньи, К.Ф.Эйхгорн негізін салған «құқық тарихи мектебі (историческая школа права)» осы идеяның жүзеге асырушысы болды. Осымен қатар, Леопольд Ранке негізін қалаған «тарихты діни–консервативті тұрғыдан қарастыру» мектебі де тарихи зерттеулерге өз үлесін қосты.