Материал: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Иә, театрға сену керек. Алайда, театрда көргені мен естігеніне сену үшін сахнаның әсер-қуаты көрерменнің жан дүниесіне тереңдеп ену қажет. Әсердің көркемдік қуатына көрермен рақатпен бөлену үшін, ең алдымен өзі сомдаған сахналық туындысына актердің өзі сену керек. Өзінің өмір сүру процесі мен өз сезімінің шынайылығына сенбеген жерде нағыз творчество да болмайды. Артистің сахнада өмір сүру процесі мен сезім шындығына көрермен күдік туғызса, ол жерде әсердің де салмағы қауқарсыз болмақ. Қөрерменнің жан дүниесінің терең түкпіріне бойлай енетін әсердің ғана құны қымбат. Кейіпкержандылық өнеріне тән сахналық шындық — артист сенімі. Періштедей пәк, баладай мұңсыз сенім ғана көркемөнер қабырғасын қалай алады. «Өнер болып қалу үшін артист пен көрерменнің көз алдына тіпті, өтіріктің өзін шындыққа айналдырып жіберу керек. Тек осылай болғанда ғана өнер мен өтіріктің басы қосылады» (там же, с. 88) деп жазады «жүйе» негізін салушы. «Сенім — артист пен көрерменнің балалық пәк аңқаулығынан туа ма, болмаса өмір шындығынан туа ма — бәрібір» дейді ол, тағы да. Солай десек, кейіпкержандылық өнер өкілдеріне халқымыз айтатын: «Өтірікті — шындай, ақ сауытты — кудай» қылып жеткізетін шеберлік те керек.Сайып келгенде: «Өнер құпиясы — ойдан шығарылған нәрсені көркемдік әсем шындыққа айналдыру»,— дейдіК. С. Станиславский.Бар мәселе мынада: егер актер табиғаты жасандылыққа органикалық түрде шындап тұрып сенсе, әлгі жасандылық шындыққа айналады да, актер табиғаты — табиғи, шынайы түрде тіршілік етеді. Ал, егер, керісінше, актер мен көрермен сахнада сомдалған образдың шындығына күдік келтірсе, онда бар тіршілік, өмір сүру процесі, өнер мен шындық өтірікке айналып, сол сәттен бастап боямалық, жалғандық, кәсіпқойлық, кейіпкерсындылық кінәраттары басталады.Өйткені, табиғат пен шындық, шындық пен сенім, сенім мен сезім — кіндіктес.Ал, табиғаттың төркіні — шынайы әдемілік. Табиғат жаратқан әдеміліктің өзі — шындық.Сондықтан, кейіпкержандылық өнері — шартты түрдегі әдемілік пен әдемісымақ, әсемсымақты қабылдмайды. Кез келген шарттылық — жалғандық пен зорлықтың жемісі, сол себепті ол, әдемі бола алмайды. Шарттылық атаулының бәрі ойдан шығарылып, қолмен жасалады. Мәселен, бутафория тәсілімен жасалған сахналық алма, алмұрт, жүзім сияқты жемістер түгелімен шарттылық, қолдан жасалынған бояма, жалған дүниелер.Әдемілік — табиғат перзенті. Ол біздің санамыздан биік құбылыс. Жарық жалғанда табиғаттан сұлу, табиғаттан әдемі еш нәрсе болмақ емес.
«Әдемілікті көре білу керек. Ал, сол әдемілікті табиғат пен өмірден сахнаға солдырмай, бүлдірмей көшіре де білу қажет. «Үлгі өрнегін табиғат пен өмірдің өзінен ала біліңдер»— міне ұстазымыз М. С. Щепкиннің лұғатының ортақ мағынасы осы» (там же, с. 89) деп К. С. Станиславский, табиғат пен өмір шындығын кейіпкержандылық мектебінің асыл арқауына айналдырды.Бір ортақ әрекетке көгенделмеген сахналық ішкі көңіл күй элементтері шашылып жатқан моншақ іспеттес. Егер оларды мөлдіретіп жіпке тізіп, жіптің екі ұшын түйістіріп түйіп қойса, әдемі алқаға айналады. К.С. Станиславский «жүйесі» де сондай құбылыс. Солай десек, сахна мұраты — жібін үзіп, моншағын шашып алмай «Станиславский элементтерінен» алқа тізу. Біздің де мақсат осы. Жібектен жіп есіп, мөлдіретіп моншақ тізіп, сахнаға алқа тағу.Жібі үзілмей, моншағы шашылмай, алқасы құтты болғай.
САХНА САЗЫНЫҢ САРҚЫЛМАС САРҚЫРАМАСЫСахна өнері мен актер шеберлігінің қадым заманнан басталатын ұзақ тарихында (көне Грекия дәуірінен бастап) актердің творчестволық процесіне бағыт сілтеп, талдау жасауға, негізгі сахналық нормаларын қалыптастыруға дүркін-дүркін елеулі талпыныстар жасалып келді. Алайда, мұндай батыл талпыныстарға қол созған адамдардың айтарлықтай басым көпшілігі сахна санаткерлері болмағандықтан актерлік процесс — әдеби процеске айналып, сахналық емес, шығармашылық сипат алып кетті. Ал, сахнампоз суреткерлер — актер немесе актрисалар ниет қылған жағдайда теориялық терең талдауға өрелері жетпегендіктен өз рольдерін қалай сомдағаны туралы жазылған естелік дәрежесінен аса алмады. Қалай болғанда да актердің творчестволық процесін бір арнаға салатын ғылыми сұраныс қажеттілігі ғасырлар бойы күшейіп, асқындай берді. Театр өнерінің жөргегі саналатын Грекиядан бастап, сахна мәдениеті қатты дамыған Италия, Испания, Германия, Англия, Франция сияқты куатты елдерде театрдың теориялық ілімін туғызу мәселесі шындап жолға қойыла бастады.Солай бола тұра, сахна туралы ілім XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында тұңғыш рет басқа елдерде емес. Ресей топырағында дүниеге келді.Ол — «Станиславский жүйесі».Ол — Станиславский ашқан ілім.Сондықтан да ол, режиссер мен актер өнері ілімінің негізін қалаушы реформатор санатында дүние жүзі мәдениетінің тарихында есімі алтынмен жазылып, мәңгі есте қалды.Десек те, Станиславский, сахна өнері іліміне қандай жолдармен келді?Ұстаздан ұлағатқа қалған ұшан теңіз мол мұраларды сарыла парақтап, сарғая зерттеу нәтижесі —талас тудырмайтын жалғыз шындыққа ат басын тірей береді. Ол шындық — Станиславскийдің өзі айтып, өзі жазып кеткендей: өзіне дейінгі әлемдік сахна қайраткерлерінің жинақталған іс-тәжірибелерінен, өзімен істес болған айтулы актерлермен қара басының байқаулары мен зерттеулерінен құрыштай қорытылып, екшеліп келіп өнер іліміне айналған шындық.Бұған оның «Менің өнердегі өмірім» атты мемуарлық кітабының соңғы бетінде жазылған: «Енді келіп өзімнің өнердегі бүкіл өміріме, жүріп өткен жолдарыма қайыра көз салып қарап отырсам, мен өзімді жер асты алтын кенін ақтарушыға, бар болғаны бірнеше қиыршық асыл тастарды айырып алу үшін жүздеген пұт құм мен тастарды жуып-шайып, ит тұмсығы өтпейтін ну жыныстарды ұзақ кезіп, шарлап шыққан алтын іздеушілерге ұқсатам. Алтын іздеуші ретінде мен, ұрпақтарыма сіңірген еңбегімді, іздегенім мен жоғымды, қуанышым мен қасіретімді емес, іздеп тапқан кенішімді ғана аманат етпекпін.
Менің артистік саласында тапқан кенішім, өмір бойғы ізденістерімнің қорытындысы — актерге роль бейнесін сомдап шығаруға, адамның рухани тіршілігін айқара ашып, сахнада болған өзім байқап көрген актер қызметінің тәсілі аталатын менің «жүйем» болмақ.Аталмыш тәсілдің ірге тасы — тәжірибе жүзінде өзімнің көзім жеткен артист табиғатының органикалық заңдылықтары болып есептеледі. Мұнда ойдан шығарылған немесе өзім болып, шәкірттерім болып іс-тәжірибе жүзінде тексермей жіберіп қойған бөтендей ештеңе жоқ, мұның құндылығы да сонда. Өйткені, оның өзі менің ұзақ жылғы тәжірибемнен арна алады ғой» (К. С. Станиславский. Моя жизнь в искусстве. Москва, 1962, стр. 486) дейтін әділ де ақиқат жолдар куә.Осындай дүниежүзілік мәдениет пен өзінің іс-тәжірибелерін қырағылықпен салмақтай саралап, талдау-тезден өткізген Станиславский, сахналық әрекет пен сахна тілінің әліппесін жасады. Бұған оның аса мол білімі, сезімтал табиғаты, байқампаздығы мен ересен еңбек сүйгіштігі себеп болды. Енді оған ұзақ байқау мен бақылаудан жемісті қорытынды шығару қажеттілігі пайда болды. Өйткені, көркем шығармаларды егжей-тегжей терең талдау, актерлерге түбегейлі түрде індете түсіндіру үшін де, теория қуғызып, сахна заңдылықтарын салалай саралау үшін де белгілі бір тұрақты терминология керек қой. Міне, осы салмақты салада Станиславский таңқаларлық батыл қадам жасады. Театр қызметкерлерінің бәріне бірдей ұғынықты жұмыс терминдерін ойлап тапты. «Зейін», «зерде», «әрекет арқауы», «түпкі мақсат» сияқты терминдер Станиславскийдің батыл қадамынан туған «жасаулары» болатын-ды. Сөйтіп, күні бүгін сахна процесінің атауы табылмаған театр ілімінің терминологиялық «тілін» тауып, тағы да бұрын-соңды болып көрмеген тың жаңалық ашты. Сахна ілімінің талдау теориясына алғаш негіз салып, оның күрт ілгерілеуіне мүмкіндік туғызды.Режиссура мен актер шеберлігіне арналған сахналық ілім — «Станиславский жүйесінің» іргетасын қалайтын басты-басты элементтер шоғыры өте мол. Олардың көпшілігі режиссерлер, театр зерттеушілер, ұстаздар, мамандар тарапынан жеке-жеке талданып, өз алдына еңбек болып жарық көрді. Сондай-ақ сахна заңдылығының Станиславский ашқан тәсілдерінің (метод) кейбіреулері де өз алдына оқшау-оқшау түрде зерттеуден өтіп, баспалардан теріліп шықты.Солай бола тұра, «Станиславский жүйесінің» қызыл өзегін жарып шыққан заңдылықтардың бір желіге желіленген біртұтас теориялық ережесі әлі жасалған жоқ. Әуелі жоғарыда аты аталған элементтердің қайсысы басы, қайсысы соңы екенін, қайсысынан кейін қайсысы келетінін қисындық ретке салған мамандар әлі күнге сирек кездеседі. Алайда «Станиславский жүйесінің» асыл арқауына желі тартып, тарау-тарау салаларға тармақталған әрқайсысы әр түрлі мән-мағынаға ие элементтер шоғырын методологиялық бір ізге түсіруге талпыныс жасаған профессионал санаткерлер болды. Атап айтқанда, театр институтының студенттеріне арналған оқулық ретінде Г. Кристидің «Станиславский мектебінің актер тәрбиесі» (Воспитание актера школы Станиславского), Б. Захаваның «Режиссер мен актер шеберлігі» (Мастерство актера и режиссера), М. Кнебельдің «Ұстаз жыры» (Поэзия педагогики») сияқты еңбектері болса, жалпы өнер адамдарына арналған Н. Горчаковтың «К. С. Станиславскийдің режиссерлік дәрістері» (Режиссерские уроки К. С. Станиславского), В. Топорковтың «Станиславский репитиция үстінде» (Станиславский на репетиции), П. Румянцевтің «Станиславскийдің «Риголетто» операсымен жұмыс істеуі» (Работа Станиславского над оперой «Риголетто»), М. Строеваның Станиславскийдің режиссерлік ізденістері» (Режиссерские искания Станиславского) атты екі кітабы, театр сыншылары: Б. Алперстың, Ю. Юзовскийдің, П. Марковтың, Вл. Прокофьевтің, Э. Полякованың, Н. Сибиряковтың, Н. Велехованың, И. Палдың, Вл. Блоктың, А. Анастасьевтің, Н. Эфростың, Н. Крымованың еңбектері жарыққа шықты. Ал белгілі практик режиссерлерден В. Немирович-Данченконың, Е. Вахтанговтың,

А. Поповтың, В. Сахновскийдің, Н. Петровтың, Н. Акимовтың, Ю. Завадскийдің, Г. Товстоноговтың «Станиславский жүйесі» хақында ой толғаған еңбектері өз алдына мол мұра. Аты аталған кемеңгер режиссерлеріміздің жұмыстары — Станиславский ашқан актер шеберлігінің заңдылықтарын терең талдап, жаппай насихаттау саласында зор мәдени-қоғамдық роль атқарады. Күллі театрларымыз, өнер ордалары, сахна санаткерлері — К. С. Станиславскийдің сахналас серіктері мен шәкірттерінің творчествосы алдында мәңгі бақи қарыздар. Ұлттық сахна мәдениетінің мәуелеп гүлденуіне жоғарыда аты аталған ардагер қайраткерлердің қосқан үлестері өлшеусіз. Санаткерлік ар-ұжданы мен еткен еңбектері адал.

Десек те, «Станиславский жүйесінің» мұхиттай терең методологиялық әм теориялық таным дүниесіне еніп, оларды бір желіге көгендеп, қазықтау саласында айрықша тер төккен зиялы сахномпоздар — М. Чехов, В. Сахновский, Г. Кристи, Б. Захава, М. Кнебельдер екені даусыз. Бұларға дейінгі, тіпті, бұлардан кейінгі көптеген зерттеушілер «жүйенің» кейбір жекелеген элементтерін (мәселен, М. Туманишвили, Н. Ковшов «қимыл-іс әрекетінің тәсілін» талдаса, А. Поламишев «әрекет арқылы талдау» тәсілін зерттеді) жеке-дара тұжырымдаумен ғана шектелген болатын-ды. Ал, «жүйенің» тұтастығы мен бірлігін «бытыратпай» ұстап, оның ортақ заңдылығын теориялық тұрғыдан анықтап беруге күш салу саласында К. С. Станиславский еңбегінің рухына бірден- бір жақын келгендер В. Сахновский мен Б. Захава. «Станиславский жүйесінің» сахналық творчествосының іліми іргетасын, негізгі принциптері мен заңдылықтарын, философиясы мен этикасын, көркемдік эстетикасын жазбай тануда өзгелерден гөрі аталмыш екі қайраткер қырағылық, көрегендік танытты. Аталмыш сахна абыздары іс жүзінде ғана емес, теория саласында да кемеңгер

К. С. Станиславскийдің ең жақын рухани одақтастары бола алады.

Бұл арада ерекше ескеретін объективті бір жағдай:сегіз томдық кітаптың алты томында «тарыдай шашылып» жатқан Станиславский элементтерінің «ащы өзегінен» бір ізге түсірілген теориялық тұжырым қабырғасын қалап шығару кімге болса да оңай шаруа емес. Солай десек, режиссура мен актер шеберлігі өнері хақында жазылған орасан еңбектің іліми негізінде В. Сахновский варианты бойынша үш тезис, тоғыз заңдылық ірге тепкен екен де,

Б. Захаваның анықтауынша ірі-ірі бес заңдылық кереге керіпті.

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/240647