К. С. Станиславский: «Ішкі қарым-қатынас үлгісін қадір тұтыңдар, творчество мен сахна алаңында, ол аса маңызды белсенді әрекет болып саналғандықтан рольдің адамдық рухани тіршілігін» сомдау мен тасымалдау процесінде оның төтенше қажет екенін біліп алыңдар» (там же, с. 260) деп ұран тастаса, пікір маңыздылығы талас тудырмаса керек.Әрине, сахнада творчестволық қарым-қатынас процесіне бару үшін, өз ойың, өз пікірің, өз сезімің мұрындық болу керек. Адамда ой болмаса, ойын өрнегі қайдан тусын.Күнделікті тұрмыс жағдайында ой мен сезімді өмірдің өзі туғызады. Өмір туғызған ой мен сезім —қарым- қатынас процесінің өмірге келуіне түрткі болады.Театрда жағдай басқаша. Онда автордың тасқа басылған пьесасының кейіпкерімен кездесуге тура келеді. Яғни бөтен адамның тіршілігі, ой мен сезімі, тосын қарым-қатынасы ұсынылады. Біреудің тағдырын өз тағдырындай етіп бастан кешу оңай емес. Мұндайда жанын қинағысы келмеген актерлер оңай жолды іздейді. Олар монологтың ішкі дүниесіне ой жібермейді, сөздің астарын ашпайды, жаттап алған бос сөзді «тары қуырғандай» бытырлатып айтып шығады. Сөйлем мен сөздің мәйектей ұйыған маңызын емес, сылдыраған сыртын қызықтайды. Кімге не айтқаны белгісіз, айтылған мұндай қарым-қатынастың түрін К. С. Станиславский «құрғақ материал» (материал-пустышка) деп атаған.Сайып келгенде, жоғарыда айтылған қарым-қатынас процестерінің пайдалы үш түрін актерлердің жадында сақтаған абзал, олар:
-
сахнада нысанамен тікелей қарым-қатынас және сол арқылы көрермендермен жанама қарым-қатынас;
-
өз-өзімен қарым-қатынас;
-
жоқ нысанамен немесе қиялмен қарым-қатынас. Қарым-қатынастың аталмыш түрлері аян болса, бізге әзір аян емес: ішкі, көзге көрінбейтін, көңіл арқылы қарым-қатынас жасау түрлері тағы бар. Бұл процесс әрі қиын, әрі қызық.
Мәселен:
Білегімнен қысты да, қолын үзбей қолымнанҚадам кейін шегінді, басқа қолынАпарды да көзіне, содан мағанСуретшідей сығалап кеп қарады.Ұзақ тұрды сол күйі. АқырындаЖұмсақ сілкіп қолымды,Үш мәрте басын иді де,Жан тәсілім қылардағы адамдай,Ышқына бір күрсінді,Уысын жазып босатты да қолымды.Маған ғана қайырыла қарауменАяқ жолын мен арқылы көргендей,Көзсіз беттеп есіккеСол бетімен кетті шығып ақыры.Зейін қойып, бар ынтасымен үңілген адамға келтірілген шумақтардан Гамлет пен Офелияның екеуара үнсіз қарым-қатынастары аңғарылмай ма? Өмірде не болмаса, сахнада мұндай үнсіз қарым-қатынас процесі саусақтың ұшы, терінің майда тесіктері, әсіресе, көз арқылы пайда болатынын айтады К. С. Станиславский.
«Өзара қарым-қатынастың осы құрал іспетті түрін немесе көзге көрінбейтін жолын қалай деп атауға болады? Нұрландыру (лучеиспускание) әм нұрлану (лучевосприятие) дейміз бе? Әлде, сәулелендіру (излучение) әмсәулелену (влучение) деп атаймыз ба? Басқа терминология таба алмағандықтан осыларға тоқтауға тура келеді, себебі: бұлар менің сіздерге айтайын деген қарым-қатынас процесін бейнелеп сипаттай алады» (там же, с. 267) деп К. С. Станиславский аталмыш ілімнің дәл мағынасын бере алатын терминді табудың қиын екеніне қинала отырып, келешекке үміт артатынын айтады.Енді сол терминологияның қазақша мағынасы туралы. Қазақ тілінің сөздік қорында нұрландыру әм нұрлану немесе сәулелендіру әм сәулелену сөздерінің мағынасын беретін синонимдік сөздер аз емес. Мәселен, ажарландыру, ажарлану, көріктендіру, көріктену, шұғыла шашу, шұғылаға шомылу, шуақ шашу, шуақтану, шапақ шашу, шапақтану болып кете береді. Алайда бұл сөздер сыртқы әсемдікті ғана сипаттайтын бір қырлы, бір мағыналы сөздер сияқты. Ал, «жүзінен нұры тамады», «нұр жайнайды», «нұрлы екен», «маңайын нұрға бөлейді», «көкірегінен нұр саулайды», «алланың нұры жаусын» деген сөздердің астар-айшығы мен мағынасында ақыл, парасат, естілік қасиеттері қоса жүреді. Мол мазмұн, көп қырлылык маңыз бар.Атақты Сегіз Серінің «Гауһартас» атты әсем әнінде:Ажарың ашық екен атқан таңдай,Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай...—дейтін жолдардың бар екенін жұрттың бәрі біледі. «Ажарың ашық екен атқан таңдай» деп, қыздың сүйкімді, сұлу, келісті келбетін айтса: «Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай» деп, ақылдылығы мен естілігін айтып отыр. Адамның ішкі сарайы, ақыл-парасаты қараған көзқарасынан байқалады. «Көзі — қанталап тұр», «көзінен от шашады» деп ашу мен ызаны айтса, «теке көзденіп тұр» деп есерсоқ пен әумесерді айтады. К. С. Станиславский: «көз—актердің ішкі дүниесінің айнасы» деп бекерден-бекер айтпаған шығар. Көз — актердің ғана емес, күллі адамзат баласының да ішкі дүниесінің айнасы. Бұл қасиет—жан-жануарларға да тән қасиет. Сүзейіндеп тұрған бұқа мен шайнап тастайын деген бураныңсыңайын көзінен тануға болады.Солай десек, орысша «лучеиспускание и луч е в о с п р и я т и е» сөздерінің қазақшасы н ұ р л а нд ы р у ә м н ұ р л а н у дегенге саяды. Өйткені, К. С. Станиславский аталмыш процесті — көзге көрінбейтін тоқ (невидимый ток) деп отыр ғой. Ендеше, нұрландыру әм нұрлану процесі ішкі қарым-қатынастың парасаттылық мазмұн сипаты. Актер партнерімен үнсіз қарым-қатынасқа барғанда ішкі сарайының, бүкіл жан дүниесінің асыл қазынасын оған тарту етеді. Мұндай қатынастың екі жолы бар. Біріншісі, жайма шуақ кезде нұрландыру әм нұрлану қарым-қатынас білінер-білінбес елеусіз жағдайда пайда болса, екіншісі, қатты күйінген сәтте, елеуреп тебіренген сәтте аса қызу түрде пайда болады.
Білегімнен қысты да, қолын үзбей қолымнанҚадам кейін шегінді, басқа қолынАпарды да көзіне, содан мағанСуретшідей сығалап кеп қарады...Немесе:Жұмсақ сілкіп қолымды,Үш мәрте басын иді де,Жан тәсілім қылардағы адамдай,Ышқына бір күрсінді...- дейтін жолдар Гамлеттің Офелияға деген асқақ арманын, күшті сезімін, экстазға дейін биіктеп, шапшыған ыстық ықыласы мен қызу іңкәрлігін білдіреді. Бұл — нұрландыру қарым-қатынасының тебіреніс түрі. К. С. Станиславский айтқандай: «көз арқылы» берілген нұрландырудың «көзге көрінбейтін ток» сипаты. Гамлеттен «нұрланған» немесе «нұр алған» Офелия да Гамлеттің азапты күйін бастан кешіп, сол көңіл күймен өмір сүреді. Гамлет ішкі толғанысын Офелияға аударып, сол толғаныс арқылы оны нұрландырса, Офелия, Гамлеттің ішкі толғанысын қабылдап, өз жан дүниесін нұрландырады. Алай-түлей аласапыранға түскен Гамлет, өзінің оттай лаулаған ішкі сарайымен Офелияны сәулелендірсе, яғни оған сәулесін төксе, Офелия — сәулеленеді яғни сәуле сіңіреді. Аталмыш қарым-қатынастың алғашқы алғы шарты осындай.К. С. Станиславский: «Бізді іңкәр қылып ынтықтырған көзге көрінбейтін токты ғылымның ашып беретін кезі де алыс қалған жоқ, сонда олар ыңғайлы терминологияны ойлап табар. Ал, әзірше өзіміздің актерлік жаргонымызға лайық аталмыш атауды қалдыра тұрайық» (там же, с. 267) деп терминологияның ғылыми атауын болашақтың бодауына байлайды.Терминологиялық атауларды іздестіру жолында К. С. Станиславскийдің кемелділігі мен кемеңгерлігі қайран қалдырады.Физика ғалымдарының бүгінгі күнге дейін көз жеткерген болжамы бойынша, адам бойында туа бітті энергия қуаты (биоэнергетика) болмайды екен. Ондай қуат көзінің асып-төгілген мол байлығының сарқылмас кені — әлем кеңістігі болса керек. Кез келген тірі организм, сол әсем кеңістігінен керегінше энергия қуатын өз бойына сіңірмек. Сіңіру сипаты әрқалай, организмнің қабілетіне сай — кейбірі көп, кейбірі аз қабылдамақ. Организмнің өзара байланысы көптеген органдардан, анық айтқанда, клеткадан тұратынын мектептегі балаларға дейін біледі.Тіршілік генераторы — клетка. Ол — өмір ұясы.Ал, егер сол клеткаға жарақат немесе психологиялық ауыр зардап түссе, адам ауруға ұшырайды. Ар жағында ажал да алыс емес. Клетка — молекула, атом, нуклон, кварк сияқты қуат көздерінің от-ошағынан жаратылған. Молекула, атом, нуклон, кварк бас-басына қуатты болса, клетка да қуатты болмақ.Күшті клетка — күшті куат жинайды. Қызуы мол қуаттың нұрландыру қасиеті де құдіретті келеді.
Физика ғалымдары осы құбылысты ертеректе биологиялық өріс (биополе) деп атаса, қазіргі кезде биологиялық қуат (биоэнергетика), экстрасенс, сенситив деп атап жүр. Алайда осы атаулардың өз мағынасына жауап бере алмайтынын, сәтсіз атаулар екенін физиктер де мойындайды. К. С. Станиславскийдің көрегендігі осында. Физиктер таппаған атауды К. С. Станиславский де таппаған ғой. «Әзірше актерлік жаргонымызға лайық осы атауды қалдыра тұрайық» деп шыншылдық пен тазалық танытқан. Неткен періштедей пәк, зиялы жан еді!Жеме-жемге келгенде, мәселе, атаудың атында емес, мағынасында. Әлемдік әдебиетпен қатар философия, психология, биология, физиология ілімдерін түбегейлі терең зерттеген К. С. Станиславскийдің зер салып, үңілмеген ғылымы болмаған. Тіпті, оның сонау Үнді жұртының йог жүйесімен айналысқаны да көптеген деректерден мәлім.Нұрландыру әм нұрлану терминін К. С. Станиславский француз ғалымы, эксперименталдық психология ілімінің атышулы өкілі Т. Рибоның «Зейін психологиясы атты еңбегінен алған. Қарым-қатынас процесінде аталмыш термин бірден-бір мағынасына, қызметіне дәл келген элемент болғандықтан алынған. Партнерлердің өзара қарым-қатынасын байланыстырып, зейін процесін ушыктыра күшейтетін ролі зор. Сондай қасиетімен қымбат. Қарым-қатынас пен зейін элементтері бір-бірімен іштей байланысты, екеуі де психология арнасынан өріс алады.Ал, нұрландыру мен нұрлану актісі тікелей зейін процесінің басшылығымен әрекет етеді....Әлем — дүниені дүр сілкіндірер дүрбелеңімен қызық. Елімізде сондай дүрбелеңнің ел құлағын елең еткізгенелеулісі—теле-экстрасенс болып жүр. Бүкіл одақтықкөгілдір экраннан берілген телесеанс ғасырымыздың ғажайып құбылысына айналды. Ауру-сырқауды операциясыз, дәрісіз емдейтін теле-толқындар пайда болды. Шашы жоққа шаш шықты, ауыр дертке душар болып, төсекке құлағандар пышаққа түспей орнынан тұрып кетіп жатты. Қырық-елу жыл бұрын ауыр жарақаттанқалған тыртық атаулы өз-өзінен ғайып болып, із-түссіз жоғалып кетті. Мылқаудың тілі шығып, кекештің сөзі түзелді. Тоқсандағы әженің аппақ шашы қайтадан қарайып, жастық шағына қарайлайтындышығарды. Қан қысымы қалпына келіп, тұз басқан тізе қақаймай бүгілетін болды. Жасы бар, жасамысы бар, тайлы-таяғымен үймелесіп, көгілдір экранға көз тікті. Қөгілдір экраннан көк толқыны арайлы ақ таңнын шапағатты шапағын шашып жатты. Тау мен теңіз асып, көк толқынның «көзге көрінбейтін тогы» нұрландыру қарым-қатынасының жаңа белесін ашты. Адамдар арасында болуға тиісті қайырымды қарым-қатынас процесі алыс, жақынға қарамайды екен. «Нұрландыру» иесі әмір берсе, ынтық адам «нұрға малынатын» болды. Сөйтіп, қарым-қатынастың тосын түрі —«толқын трассасына» жол ашылды. Телеэкраннан берілетін «толқын» төріне — Джуна Давиташвили,
Анатолий Кашпировский, Алан Чумак сияқты «сиқыр» иелері орын тепті. Олар адамдардың ішіне «еніп» қатерлі дерттің өзімен қарым-қатынас жасаудың құпиясын ашты. К. С. Станиславский адамдардың ішкі рухани дүниесімен қарым-қатынас қақтығысын үйретіп, тағылым ашса, аты аталған «дуагерлер» сырқатпен сайысатын тәсіл тапты. Қарапайым тілде: сиқырлау, дуалау, көз байлау, бас айналдыру, алдау, арбау сияқты ғажайыптарға халық ғасырлар бойы сеніп келген. «Сиқыр» деген сөздің өзінен сескенетін болған. Оның «дуалап», «көз байлайтын» тылсымы, құпия құдіреті бар деп ұққан. Ал, шын мәнінде оның, «көзге көрінбейтін ток»— биологиялық энергия қуаты екенін білмеген. К. С. Станиславскийдің ұлылығы осы құбылысты дұрыс топшылауында. Бір- бірімен қарым-қатынас жасау үшін адамдардың бойында бір-бірін нұрландыратын «көрінбейтін ток» болу керек дейді ол. Осы ұғымның өзі К. С. Станиславскийді басқа саланың ғалымдарымен терезесін тең етуге жарап тұр.
Біз жоғарыда тіршілік генераторы — клетка дедік. Солай десек, «сиқырлайтын» телесеанс көзі адамның биоқуатын (биоэнергия) белгілі бір нысанаға бағыттайтын оператор іспеттес құбылыс.
Джуна Давиташвили, Анатолий Кашпировский, Алан Чумактар — осындай қасиеттің иесі. Ғалымдар аталмыш қасиеттің:
-
тұқым қуалаушылық (генетикалық),
-
дара біткен (личность) қасиетті баптап дамыту арқылы,
-
сананың шектеу кедергілерінен босану сияқты үш түрі болатынын айтады.
Осы бірінші түріне қазақстандық Әли Эргашев (өзінің айтуынша, тоғызыншы атасынан бері бар қасиет екен) жатады. Екіншісіне А. Кашпировский (бұл да өзінің айтуынша) жатса, үшіншісіне А. Чумактың қатысы бар. Ал, актер қауымының осылардың қай саласына жататынын К. С. Станиславский анықтамаған. Менің ойымша, ол «көрінбейтін токтың» арбау (гипноз) процесімен терең байланысын зерттемеген, Бұл мәселенің биологиялық жағы деп назар салмай, тек көркемдік жағымен шұғылданған. Алайда бұл ерлік!Арбау (гипноз) процесі біздің өнерге тікелей қатысты бола тұра сыры жұмбақ, құпия құбылыс. Мәселен, қасындағы партнеріңнің немесе көрермендердің назарын өзіңе аудару үшін «арбауға» тура келетіні бар. Құштарлық сезіммен бе, сөйленер сөздің салмағымен бе, не болмаса дауыстың күшімен бе, әйтеуір, қарсыласыңды өзіңе қаратуың қажет. Қарсылас деген көрермен. Арнайы ойын көруге келген соң, ол да қалғып қарап отырмайды. Аңдыған-баққаны сен боласың. Міне, сол кезде биоқуатыңның «көзге көрінбейтін тогын» іске қосып, «арбайсың». Нәтижесінде, екі арада — актер м