ен көрерменді байланыстыратын аспалы «қуат көпірі» (энергетический мост) пайда болады. Осы процесті К. Станиславский қос ғұмыр (сопереживание) деп атаған. Сахна мен зал қосылып бір дем, бір тыныспен өмір сүрген сәт — көркемдік критерийі, кейіпкержандылық қос ғұмыр өнері саналады.Өкінішке орай, әлгі аспалы «қуат көпірі» көрерменге жетпей, орта жолда «қирап» та қалатын жағдайы болады. Онда «өткел» жабылды деген сөз. «Өткел» жоқ жерде қарым-қатынас та тыйылады. Ондай жағдайда не істсу керек? Біз көп жағдайда сахна мен залдың арасына «өткел» салмақ түгілі қасымыздан қалмай жүрген партнеріміздің арасына «өткел» сала алмай қажимыз. Спектакль сайын кездесіп, сахнада сайыса бергендіктен үйренісіп, етіміз «өліп» кететін болу керек. Не болмаса, «арбаса, арбаса» энергия қуатын беретін генераторымыз «тоза ма» екен? Әйтеуір біріміз ток «бере алмай», біріміз ток «ала алмай» қарым-қатынасымызды үзіп аламыз. Бұл қалай? Мұның сыры неде? К. С. Станиславский: «роль ойнаған сайын жаңадан ойнағандай жаңғыртып ойна» деп кеңес береді. Ол қолдан келе бермейтін секілді. Енді не істеу керек? К. С. Станиславский: «Партнеріңді нұрландыру үшін ең алдымен бұлшық еттердің сіресуінен арыл, құрыс- тырысыңды жаз, бірақ зорлық жүрмесін» дейді. «Денелеріңізді бос ұстаңыздар, қақайып қатып қалмаңыздар» деген сөзді телесеанс басталар алдында А. Кашпировский де айтады. Қақаю, сіресу, бырысу, құрысудың творчестволық сәтте өлшеусіз зиян екенін К. С. Станиславский жұрттың бәрінен бұрын білген. Өкінішке орай, бұлшық еттерімізді май басып, буын-буынымызға сары су үйелеп, он екі жілігімізді «тот» басып қалатын кездер жиі болып тұрады. Жеке-жеке «жуып», «сүртіп», «тазалап», әлсін-әлсін «майлап» тұруға уақыт табылабермейді.К. С. Станиславский, қарым-қатынас процесінің шыққан күні — нұрландыру әм нұрлану немесе сәулелендіру (сәуле түсіру) әм сәулелену (сәуле сіңіру) дейді. Нұрландыру немесе сәулелендіру — көзге көрінбейтін ток бөліп шығаратын қуат көзі. Партнеріңді сол көзге көрінбейтін ток арқылы арбауға болады. Арбаудың алғы шарты — денеңді бос ұстап, бұлшық еттердің сіресуінен арылу. «Нұрландыру әм нұрлану сияқты әрі шетен, әрі нәзік процеске зорлық жасаудан айрықша қорқу керек. Бұлшық еттің сіресу сәтінде сәулелендіру мен сәулелену туралы сөз қозғаудың өзі артық» (там же, с. 268) деп жазады К. С. Станиславский. Ендеше, актер сахнада — буындары былқылдап, мың бұралған бишідей денесін еркін ұстайтын дәрежеде болу керек. «Арбау»— ішкі, сыртқы техниканың жымдасқан жарастығын қалайтын процесс. «Арбау» кезінде: көру, есту, иіскеу, сипау, дәм сезу сияқты бес сезім түгел қатысады. «Қарамашы, қадамашы көзіңді»—дейтін ақын жолдарында көзбен арбау бар. К. С. Станиславскийдің тілімен айтқанда: «адамның ішкі дүниесіне көзінің көрінбейтін қармау сезімдері (щупальца) арқылы қадалатын» қатынас процесі жатыр. «Мен ішпеген у бар ма?»деп ұлы Абай күңіренсе, өмірден жеген өлшеусіз таяғын дәм сезу арқылы түйіндеп отыр. Осылардың бәрі арбау арқылы істелінеді десек, аталмыш процестің өнерде орны ерекше. Мұндай құбылысты К. С. Станиславский «гүлден шыққан жұпар иіске» немесе «гауһар тастан шашыраған сәулеге» теңеген. Сайып келгенде, партнеріңді өз сезіміңнің, өз ықыласыңның сүттей сәулесіне «шомылдыру»— нұрландыру процесі болып табылады. «Шын мәніне келсек: біздің күллі ішкі сезіміміз бен ықылас-ниетіміз адамдарды денеміз бен көзімізден құйылған сәуле тасқыны арқылы шомылдырады» (там же, с. 272) дейді К. С. Станиславский.
Ал, нұрлану немесе сәулелену актісі — басқалардың сезім сәулесін өзіне сіңіретін кері процесс. Кейбір криминалистердің жазбаларына сенсек, қастандықтан өлген адамның көзінде өлтірген адамның дидары «жазылып» қалады екен. Егер осы рас болса, сәулеге бөлену процесінің қуаты ғажап қой! Қайсыбір аңшылардың өзіне қарсы шапқан жолбарыс пен аңды жанарын қадау арқылы тоқтатқанын оқығаным бар. Бұл да рас болса, солардың бәрі К. С. Станиславский айтқан нұрландыру (лучеиспускание) немесе сәулелендіру (излучение) қасиетінің құдіреті.Солай десек, біздер, артистер театрдың аядай ғана залын неге бағындыра алмаймыз? Аудиторияны бүтіндей билеп-төстеп алуға біздің нұрландыру қуатымыз неге жетпейді? К. С. Станиславскийдің айтуынша, ак- тер, көрермендер отырған залды өз сезімі мен ықыласының көзге көрінбейтін ток тасқыны арқылы билеп алу керек екен. Залды бағындыру деген сөз — өзіңе қарсы шапқан жолбарыс пен аюды тоқтату ғой. Драма артистерінен аю мен жолбарысты тоқтатып көргендер бар ма екен? Жыртқыштың жолын кесу — арбау ғой. Ендеше, көрермен қауымын аузыңа қарату да—арбау. Дауысқа басып, айғаймен арбай алмайсыз. Ол — қиын шаруа. Алайда арбау процесінде дыбыстың алатын орны айрықша. Ертеде қазақ арасында «жылан арбайтын», «қара құрт» оқитын бақсы-балгерлер көп болған. Мақамдап, «әндетіп» отырып, аймағындағы жылан атаулыны өзінің айналасына жинап алады екен. Сонда, ол бақсылардың арбайтын «сиқыр» күші мақамдап әндеткен дыбысында болған ғой. Кім білсін, «жылы-жылы сөйлесең — жылан іннен шығады» деген мақал содан қалған шығар. Сондай-ақ Африка тұрғындары да барабан қағу арқылы там-там ырғақтарының дыбысымен піл сияқты зор хайуанды арбап, қолға түсіретін болған. Ол, әбжыланды сыбызғының үнімен билететін үнділерді кинодан, телевизордан күнде көреміз. Бұдан шығатын қорытынды: нұрландыру немесе сәулелендіру процесі жоғарыда аталған бес сезімнің әсері арқылы істелмек. Бес сезім қуаты әркімде әрқалай. А. Кашпировскийде көру сезімі жоғары сатыда болса, А. Чумак пен Д. Давиташвилиде саусақ ұшымен істелетін сипау сезімі қатты дамыған. Дәл осы арада К. С. Станиславскийге «толықтыру» енгізгіміз келеді. «Станиславский жүйесіне» енетін белгілі бес сезімнен басқа, алтыншы —«бұйрық» сезімі де бар ма деймін. Өйткені, телесеанстан кейін «арбау» ырқынан шыға алмай қалған емделушілерін А. Қашпировский «ырықтан шығыңыздар» деген бұйрық арқылы әрекет етіп жүр ғой. Атақты Қойлыбай бақсы да аламан тасыр ат жарысына қарағай қобызын қосып: «озып кел!» деп бұйрық беретін болған. Соған қарағанда бұйрық арқылы да нұрландыру процесін іске қосып, арбауға бола ма деймін. Сайып келгенде, артистерде — «көз байлайтын», «сиқырлайтын», «арбайтын», «дуалайтын» бақсылық қасиеттер болу керек деген ұғым туатын сияқты. Бұл қалай? Марксизм рухында тәрбиеленген біздер үшін мистикалық құбылыс емес пе?...
«Арбау — біздің өнерімізге тікелей қатысы бар ғаламат жұмбақ дүниенің бірі болып есептеледі. Біздің ғылыми әлі ғылыми-көпшілік әдебиеттерінде аталмыш құбылыс әрі түсінікті, әрі белгілі дейтін сипат алып жүр. Мұнда тұрған ешқандай құпия жоқ, тек күрделі әңгіме болған жағдайда ыңғайлы болу үшін адам психикасына математикаға енгізілген шартты ұғым сияқты «арбау» да енгізіліп жүр. Тіпті мәселе қылып көтеретін жөні де жоқ секілді. Аталмыш феномен жөнінде әуелі академик Павловтың өзі де жайбарақат сыңай танытқан. Алайда, бұл ілім туралы ашылмаған күдік мол. Психикамыздың осындай түсінігі қиын тылсым құбылыстарына жауап іздеу, әсіресе, біздің заманда көбейіп барады.Бәлкім, арбау — санасыз психикалық баспалдақтар мен көптеген энергетикалық толқын тармақтардан тұратын шығар. Менің ойымша, «арбау» деген сөздің астарында бір емес, бірнеше тылсым құбылыстың жасырын жатқаны анық. Солардың бәрін емес, бірнешеуін жабайы түрде болса да мөлшермен түсіндіріп беруге бүгінгі ғылым «қауқарсыз» (Марк Захаров, Контакты на разных уровнях, Москва, «Искусство», 1988. с. 46) деп Марк Захаров та арбау процесінің толық зерттелмеген тылсым сиқырына әрі күдікпен, әрі үмітпен назар аударады.«Сонымен нұрландыру әм нұрлану процесі сахналық қатынаста аса маңызды роль атқарады делік, сонда оларды техникалық жолдармен меңгеруге бола ма деген сұрақ туындайды? Немесе, өзіне еріксіз түрде шақырып алуға бола ма? Осы төңіректе нұрландыру әм нұрлану процесін қоздыру арқылы өмір сүруді күшейте алатын әйтеуір бір әдіс түрі бар ма екен?» (там же, с. 276) деп сұрақ қоя отырып, К. С. Станиславский: «Мұндай жағдайда біз жан мен тәннің (телом и душой) органикалық өзара байланысы арқылы, яғни ішкі қатынасты қоздыру арқылы тәнге немесе керісінше тәнді нұрландырып қоздыру арқылы жанға қатынас жасау арқылы қол жеткереміз» дейді.К. С. Станиславский: «Нұрландыру әм нұрлану процесін техникалық жолдармен меңгеруге бола ма?» деп сауал қояды. Жаны бар сауал. Ұлы реформатордың ғылымның ілгерілеу болашағын болжай алатын көрегендігі де осында. Осыған байланысты тарихи бір фактіні айта кеткен абзал. Ғасырымыздың бас кезінде биоэнергетика саласында Бутлеров, Аксаков, Бехтерев сияқты ғалымдар еңбек етіпті. Бір қызығы, бірінші нарком Д. В. Луначарскийдің өзі бақылауға алып, осыларға басшылық ету жағын өз қолына алса керек. Өкінішке орай, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан биоэнергетика ғылымы «марксизм-ленинизм рухына жат» деп табылып, біржола жабылыпты.
Кім білсін, өріс алып күшейіп, қарқындап келе жатқан сталинизмдік диктат атмосферасы ықпал етті ме, К. С. Станиславский «нұрландыру әм нұрлану» немесе «сәулелендіру әм сәулелену» процесінің сахналық арбау құпиясын тереңдеп зерттемей орта жолда үзген сияқты. Оған, оның аталмыш актінің психикалық жағын біле тұрып, «арбау», «дуалау» сияқты тылсым дүниесіне барыңқырамай, тек көркемдік биігінен назар салғаны еңбектерінен көрініп тұр. Әлде, бұл салада құлшына кірісксн А. В. Луначарскийдің өзіне мемлекет тарапынан тыйым салынғанын білген К. С. Станиславский қоғам қаһарынан «сескенген» де болар. Нарком А. В. Луначарскийдің осы мәселе төңірегінде К. С. Станиславскиймен пікірлеспеуі де мүмкін емес қой. Олай болса, «арбау» процесін түбегейлі зерттеу — болашақтың ісі. Ал,біздің түйіндеп айтарымыз — сахналық қарым-қатынас «Станиславский жүйесінің» қабырғасын қаласқан көптеген заңдылықтардың негізгілерінің негізгісі.
ТОҒЫЗЫНШЫ ЗАҢДЫЛЫҚӨлшем-ырғақ(темпо-ритм)Адам баласының мінез-құлқы, көңіл күйі мен әрекетін, оқиғаның уақыты мен кеңістігін безбендеп, сарапқа салатын өлшем-ырғақ терминологиясын К. С. Станиславский музыка саласынан алып иемденген.Ы р ғ а қ — әрекет кезінде өтіп жатқан мезгілді мөлшерлейтін ұғым. Қозғалыс тұрғысынан назар салсақ, әрекет желісі — баяу, жәй, сылбыр, орташа, ширақ,жылдам, тез сияқты өлшемдік өзгерістерге түсіп, даму сатысына сай әр қилы жағдайда адамнан белгілі бір мөлшерде күш-қуат талап етеді. Ырғақ иірімдеріне жұмсалған бейнетке сәйкес едәуір қажыр-қайрат жұмсалады. Алайда, ырғақ — адамның ішкі толғанысы мен психикалық көңіл күйіне әсер етпейді Ол — өтіп жатқан әрекеттің қызу қарқыны мен ыстық ырғақты иірімдерін ретке салып, уақыт пен кеңістік үйлесімін кесіп-пішіп белгілейтін процесс.«Ырғақ — шапшаңдық немесе баяулық. Ырғақ әрекетті ұзартып не болмаса қысқарта алатын болса, тілді де шапшаңдатып немесе баяулата алады» (том 3, с. 143) деп жазады К. С. Станиславский. Өйткені, әрекеттің атқарылуы мен сөйленетін сөзге уақыт кетеді. Ырғақты шапшаңдату деген сөз — әрекет пен сөзге аз уақыт жұмсап, тез қимылдап, тез сөйлеу деген сөз. Ал, ырғақты баяулату деген сөз әрекет пен сөзге көп уақыт жұмсап, баяу қимылдап жәй сөйлеу деген сөз.Ана тілімізде ырғақтың — баяу, шапшаң, жәй, тез, сылбыр, ширақ, орташа, жедел, саябыр, екпін, қарқын, үдеу т. б. сияқты баламалары өте мол. Алайда, сахна өнерінде де өз мағынасын сақтайтын болған соң музыка теориясына академик А. Жұбанов калыптастырған аталмыш қазақша терминологияны бұзбай қолдандық. Адалында ырғақ деген сөз — қозғалысты, қимылды білдіреді.Өлшем — адамның мінез-құлқының жиі-жиі өзгеріп отыруына байланысты оның көңіл күйінің де өзгеруін сезімдік тұрғыдан бақылап, бағдарлайтын психологиялық процесс. Сахна кейіпкерінің ішкі тебіренісін, тірлік-тынысын, жүрек лүпілін, тамыр соғысын безбендейтін әрі күрделі, әрі нәзік құбылыс. Демек, «өлшем» дейтін термин өтіп жатқан оқиға мен әрекеттің тынысы мен ырғағын анықтайтын көңіл күй таразысы.Өлшем мен ырғақ — қатар өмір сүретін бір-бірімен тығыз байланысты элементтер. Көп жағдайда олар бір- біріне тәуелді болып тұрады. Сол себепті де К. С. Станиславский екеуін қосақтап, өлшем-ырғақ деп атаған.Түптеп келгенде, өлшем-ырғақ қасиетін жаратылыстың өзі жаратқан. Соққан жел мен ескен самалдың, аққан өзен мен тулаған теңіздің, жарқылдаған жасын мен күркіреген күннің өз өлшемі мен өз ырғақтары бар. Тіпті сатырлай жанған өрт пен оның көкке өрлеген түтінінде де өлшем-ырғақтың өрнектері өмір сүреді. Ең жексұрын деген бас пен тістің сырқырауы да соларға негізделген. Жылау мен сықтау, қуану мен қайғыру да сол заңдылықка бағынады. Сайып келгенде, өмірде өлшем-ырғаққа бағынбайтын еш нәрсе жоқ. Дүние мен жаратылыс жарықтық, бәрінің есебін шығарып, кесіп- пішіп өлшеп қойған. Жаратылыста жаңылыс деген болмайды. Дүние түп-түгел есеп-қисап, өлшем-ырғақтан тұрады. Ал, адам бәрін сол табиғат-анадан алады, содан үйренеді. Үйренгенін өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің қалыбына құйып, өрнегіне өрмек етеді. Демек, ырғақ- өлшемді туғызса, өлшем — ырғақты өмірге әкеледі.