| Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары |
| 1-тоқсан | ||
| 1-бөлім. ХХ ғасырдың басындағы әлем | ХХ ғасырдың басында әлем бейнесі қандай болды? | 8. 3. 2. 5 ХХ ғасырдың басындағы әлемнің аумақтық бөлінуін және мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау |
| ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қандай ғылыми ашулар мен жаңа технологиялар ерекше маңызды болды? | 8. 2. 4. 2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау; 8. 4. 1. 1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау; 8. 4. 1. 2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін "модернизация" ұғымын пайдалану | |
| XIX ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басында өнер қалайша өзгерді? | 8. 2. 2. 1 XIX ғасырдағы - XX ғасырдың басындағы өнердегі негізгі ағымдарды сипаттау (модернизм, символизм, реализм, авангардизм); 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау | |
| 2-бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары | Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай? | 8. 3. 2. 1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау; |
| Бірінші дүниежүзілік соғыстың негізгі шайқастары қандай? | 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегияларының рөлін бағалау | |
| Бірінші дүниежүзілік соғыс әлем картасын қалай өзгертті? | 8. 3. 2. 2 әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді сипаттау арқылы империялардың (Австро - Венгрия, Ресей империясы, Осман империясы) ыдырау себептерін тұжырымдау | |
| Неліктен Ұлттар Лигасы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде бейбітшілікті сақтай алмады? | 8. 3. 2. 4 Ұлттар Лигасының қызметі мен Версаль-Вашингтон жүйесін талдау және бағалау | |
| 2 -тоқсан | ||
| 3-бөлім. 1917 жылғы Ресейдегі революция | Ресейдегі самодержавие не себепті жойылды? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси даму үлгісін сипаттау: әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия |
| Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау | |
| Неліктен қоғам "қызылдар" мен "ақтарға" қақ жарылды? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау | |
| 1917-1924 жылдарда Ресей қаншалықты өзгерді? | 8. 1. 1. 1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау; 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау | |
| 4-бөлім. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері | Неліктен Мұстафа Кемалді "Ататүрік" деп атады? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау |
| Сунь Ятсеннің үш қағидаты Қытайды қалайша өзгертті? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау | |
| "Танака меморандумы" қаншалықты қауіпті болды? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру; 8. 4. 1. 5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау | |
| Махатама Гандидің идеялары Үндістандағы ұлттық сананың өсуіне қалай әсер етті? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау | |
| 3-тоқсан | ||
| 5-бөлім. Әлемдік экономикалықдағдарыс | Неліктен АҚШ-та 1920-шы жылдарды "гүлдену кезеңі" деп атайды? | 8. 4. 1. 2 индустриялық қоғамның даму процесін түсіндіру үшін "модернизация" ұғымын пайдалану; 8. 4. 1. 1 XX ғасырдың басындағы техникалық революция жетістіктерінің (конвейер өндірісі, стандарттау) мемлекеттердің шаруашылық жүйесінің дамуына ықпалын бағалау |
| Уолл-стриттің күйреу себептері мен салдары? | 8. 4. 1. 3 тарихи оқиғаларды талдау үшін "бағалы қағаздар нарығы", "акция", "алыпсатарлық", "қор биржасы", "несие", "банкроттық", "инфляция" ұғымдарын пайдалану; 8. 4. 1. 4 фактілерді, процестерді, оқиғаларды салыстыра отырып, индустриялық қоғам қайшылықтарының (өндіру мен тұтыну теңгерімі) шиеленісу себептерін анықтау | |
| Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? | 8. 2. 4. 1 әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Дж. Кейнс теориясының рөлін сипаттау; 8. 4. 1. 5 1930 жылдардағы құрылымдық экономикалық дағдарыстың нәтижесінде экономикада орын алған өзгерістерді анықтау; 8. 3. 1. 3 фактілерді, процестер мен оқиғаларды салыстыру арқылы дүниежүзілік экономикалық дағдарырыстан шығудың түрлі жолдарын түсіндіру (АҚШ, Франция, Германия) | |
| 6-бөлім. Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер | Сталиннің билігі тұсында КСРО қалай дамыды? | 8. 1. 1. 2 социалистік қоғамның дамуына байланысты әлеуметтік топтардың (жұмысшы табы, шаруалар, зиялылар) мәртебесіндегі өзгерісті талдау; 8. 4. 2. 1 "жоспарлы экономика", "нарықтық экономика" ұғымдарын қолдана отырып, XX ғасыр бірінші жартысындағы капитализм мен социализмнің экономикалық жүйелерін салыстыру; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру |
| "Адамның жандүниесінің инженерлері": Сталин халыққа ықпал ету үшін өнерді қалай пайдаланды? | 8. 2. 2. 1 XIX ғасырдағы - XX ғасырдың басындағы өнердегі негізгі ағымдарды сипаттау (модернизм, символизм, реализм, авангардизм); 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау | |
| Неліктен фашизм Италия мен Германияда өрбіді? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеологиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, авторитаризм сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру | |
| Нацистердің саясаты Германия тұрғындарына қандай әсерін тигізді? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 2 тоталитаризм, әміршіл-әкімшіл жүйе сияқты саяси режимдердің қалыптасу алғышарттары мен тарихын түсіндіру | |
| Франция мен Испаниядағы "Халық майданы" қаншалықты тұрақты болды? | 8. 1. 2. 1 қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге реакцияшыл идеялогиялардың (фашизм, тоталитаризм, нәсілшілдік, шовинизм, ұлтшылдық) таралу ықпалын талдау; 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау | |
| 4-тоқсан | ||
| 7-бөлім. Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен салдары | Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен барысында елдер арасында қандай келісімшарт қарым-қатынастары қалыптасты? | 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау |
| Екінші дүниежүзілік соғыстың қандай оқиғалары түйінді болып табылады? | 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау | |
| Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы неліктен Ұлы Отан соғысы деп аталды? | 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау; 8. 2. 4. 3 тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау | |
| Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары мен сабақтары қандай болды? | 8. 3. 1. 1 қоғамдық-саяси ағымдардың (әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия) қоғамның өміріне ықпалын талдау; 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау | |
| 8-бөлім. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым | ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай? | 8. 2. 1. 1 тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін салыстыру арқылы мемлекет пен діннің өзара қатынасын сипаттау; 8. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың бірінші жартысында бұқаралық мәдениеттің (кинематограф, радио) қоғамның рухани дамуына ықпалын талдау; 8. 2. 3. 1 "позитивизм", "прагматизм", "экзистенциализм" ұғымдарын тарихи кезеңді сипаттау үшін қолдану |
| ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғылым қалай дамыды? | 8. 2. 4. 2 тарихи оқиғалардың себептерін, нәтижелерін, маңызын тұжырымдау арқылы ғылымның әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін бағалау | |
| Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары. | | |
| 1-тоқсан | | |||
| 1-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы | Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді? | 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 8. 3. 2. 3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау | | |
| ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді? | 9. 1. 1. 1 социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 2. 1 отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарын талдау | | ||
| Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? | 9. 3. 2. 2 "қырғи қабақ соғыс" ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау | | ||
| 1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? | 9. 3. 2. 2 "қырғи қабақ соғыс" ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | | ||
| 2-бөлім. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы | Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясын жариялады? | 9. 2. 3. 2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9. 3. 1. 2 Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот) | | |
| Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері қандай? | 9. 2. 3. 2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау | | ||
| 2-тоқсан | | |||
| 3-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы | Неліктен XX ғасырдың екінші жартысында "әл-ауқатты мемлекеттер" экономикалық дағдарысқа ұшырады? | 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 - 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану; 9. 4. 1. 1 XX ғасырдың 70-жылдарындағы жұмыссыздықтың себеп-салдарын талдау; 9. 4. 1. 2 "инфляция", "дағдарыс", "стагнация" ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау | | |
| XX ғасырдың 60-70- жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды? | 9. 4. 1. 2 "инфляция", "дағдарыс", "стагнация" ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау; 9. 4. 1. 4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9. 4. 2. 1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу | | ||
| 4-бөлім. Екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге | 1979-1985 жылдар аралығындағы "қырғи-қабақ соғысы" оқиғаларының ерешеліктері қандай? | 9. 3. 2. 3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |
| Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
| Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының себептері қандай болды? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау | | ||
| Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты ма? | 9. 3. 2. 4 "қырғи қабақ соғыстан" кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9. 3. 2. 8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау | | ||
| 5-бөлім. Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар | БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады? | 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 2. 6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау | | |
| "Араб көктемінің" себептері мен салдары қандай? | 9. 3. 2. 5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9. 3. 2. 6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | ||
| 3-тоқсан | | |||
| 6-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс елдерінің даму ерекшеліктері | Неліктен Ұлыбританияда консерватизм жаңа консерватизммен ауысты? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |
| Социализмнің "шведтік моделінің" белгілері қандай? | 9. 1. 2. 1 батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, мобильділікке тігінен және көлденеңінен мысал келтіру; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | | ||
| Германдық "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" ерекшеліктері қандай? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 1. 2. 2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9. 3. 1. 1 "әл-ауқатты мемлекеттер" ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | | ||
| 7-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері | 1949 жылғы коммунистік партия жеңісі нәтижесінде Қытай қалай өзгерді? | 9. 4. 1. 4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |
| "Азиялық серпіліс" неліктен мүмкін болды? | 9. 4. 2. 1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу; 9. 4. 1. 5 Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | | ||
| Тәуелсіз Үндістанның қандай мәселелері отарлық өткенімен байланысты? | 9. 2. 1. 2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану; 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
| ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы қалай айқындалды? | 9. 3. 1. 3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9. 2. 1. 3 тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін анықтау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | ||
| 4-тоқсан | | |||
| 8-бөлім. Қазіргі әлемнің жаһандануы | Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері қандай? | 9. 1. 2. 3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция) бақылау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | |
| Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді? | 9. 1. 2. 3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей (модельдеу) отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді бақылау (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция); 9. 4. 1. 3 жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау; 9. 4. 2. 2 постиндустриалды қоғамның басты экономикалық ресурсы ретінде ақпараттың рөлін анықтау | | ||
| Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті? | 9. 3. 2. 7 қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау; 9. 2. 1. 1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру; 9. 2. 1. 2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану | | ||
| Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? | 9. 2. 3. 3 жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу; 9. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау | | ||
| 9-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология | АҚШ тағы Ғылыми техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері қандай? | 9. 2. 4. 1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9. 2. 4. 3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано технологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау; 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | |
| Әлемдік ғылымның дамуында Байқоңыр ғарыш айлағының маңызы қандай? | 9. 2. 4. 1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | ||
| Қазіргі әлемдегі білімнің маңызы неде? | 9. 2. 4. 2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | | ||
| 10-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы мәдениет | ХХ ғасырдағы мәдениет қайраткерлері адамзаттың рухани дамуына қандай ықпал жасады? | 9. 2. 2. 1 танымал өнер қайраткерлерінің қоғамның дамуына ықпалын талдау және олардың қызметіне дүниежүзілік тарих контекстінде өзіндік баға беру; 9. 2. 2. 3 ақпараттық қоғам жағдайындағы көркем шығармашылықтың жаңа түрлерінің қалыптасуын талдау; 9. 2. 3. 1 түрлі философиялық көзқарастардың қазіргі қоғамдық өмірге ықпалын бағалау; 9. 3. 1. 4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | | |
| Қоғамның рухани дамуына бұқаралық мәдениеттің әсері қандай? | 9. 2. 2. 2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау; 9. 1. 2. 4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | | ||
| | Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына 63-қосымша | |||