Сабақ 1 Ақпараттық дидактикалық топтама
Жасушалық биология жасушаны тірі ағзалардың бірлігі ретінде зерттейтін биология ғылымының фундаменттік бөлігі. Жасушаны оқып білу көптеген биология және медицина ғылымдары үшін маңызды. Атап айтқанда кез келген адам аурулары, нақты бір жасушалардың патологиясымен байланысты, бұл аурудың дамуы, оны емдеу және зерттеу әдістерін, аурудың алдын алу барысын түсіну үшін қажет.
Жасуша зат алмасуға, көбеюге қабілеті бар, генді тасымалдайтын тіршіліктің ең кішкене бірлігі. Жасушалар пішіні, көлемі бойынша әртүрлі болады (жазық, шырмалған, шар тәрізді т.с.с.).
Жасуша түрі ағзадағы орналасқан орнына және атқаратын қызметіне байланысты, ал қызметі өз кезегінде сыртқы және ішкі құрылысы бойынша анықталады.
Жасуша теориясы. Жасушаны зерттеудің бастапқы кезеңдері 1665 жыл саналады, ағылшын ғалымы Роберт Гук алғаш рет микроскопта тығындардың жұқа кесінділерінен ұсақ ұяшықтарды көріп, оны жасушалар деп атады. Маттиас Шлейден 1838 жылы, Томас Шван 1830 ж. жасушалық теорияның негізгі қағидаларын қалыптастырды. Алайда олар жасуша алғашқы жасуша құрылымы жоқ заттардан пайда болады деп есептеді. Рудольф Вирхов 1858 жылы барлық жасушалар басқа жасушалардың бөліну арқылы пайда болатынын анықтады.
Ғылымға жасушаны зерттеудің физикалық және химиялық әдістерінің келуімен әртүрлі ағзаның құрылымында таңғаларлық біркелкілігі анықталды. Олардың қызметі мен құрылысы арасындағы үзілмейтін байланыстың бар екендігі дәлелденді. Қазіргі уақытта жасуша теориясы келесі постулаттарға негізделген:
-
Жасуша - тіршіліктің элементарлық бірлігі, жасушадан тыс жерде тіршілік жоқ.
-
Жасуша - бір бірімен тығыз байланыстағы элементтердің бірыңғай жүйесі, бір бүтін түзілімді құрайды, біріккен функционалды органеллалардан тұрады.
-
Жасушалар құрылысы мен негізгі қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсас.
-
Жасушалар оның генетикалық материалы екі еселенгеннен кейін бөліну арқылы көбейеді. Жасуша жасушадан пайда болады.
-
Көп жасушалы ағза жаңа жүйені құрайды, оның өзі көптеген жасушалардың өзара біріккен және интеграцияланған тіндер мен органдардың жүйелерін құрайды.
-
Көп жасушалы ағзалардың жасушалары тотипотентті, яғни сол ағзаның барлық жасушаларының генетикалық потенциясы болып табылады. Генетикалық ақпараттылығы бойынша теңдей мәндес, алайда бір-бірінен әртүрлі гендердің экспрессиясымен ерекшеленеді.
Тірі ағзалар арасында тек вирустар, ретровирустар, бактериофагтар жасушалық құрылымы жоқ, оларды жасушаға дейінгі ағзалар деп атайды. Барлық қалған ағзалар тіршіліктің жасушалық құрылым бар ағзалар.
Жасушалық_құрылымы_жоқ_ағзалар'>Жасушалық құрылымы жоқ ағзалар өзінің тіршілігін тек өзге ағза жасушаларын
паразиттеу нәтижесінде көрсетеді. Вирустар ДНҚ немесе РНҚ және нуклеин қышқылының маңайында капсид қабықшасын түзетін ақуыздан тұрады, ол
вириондеп аталатын нуклеопротеидтік кешенді құрайды.
Капсид – вирустың ақуыздық суббірліктерімен,
белгілі бір ретпен түзілген. Ол вирустың нуклеин қышқылын әртүрлі әсерлерден қорғайды
және иесінің жасуша бетіне вирустың отыруын қамтамасыз етеді. Вирус формасы әртүрлі болады (шар, жіпше, цилиндр түрінде болады). Вирустар тірі ағзалар жасушаларында паразиттеуге қабілетті болып, тұмау, қызылша, сал, СПИД, сүзек, құтыру ауруларын шақырады.
Жасушалық құрылымы бар ағзалар екі түрге бөлінеді:
прокариоттық және
эукариоттық. Прокариоттарға бактериялар мен цианобактериялар жатады (көк жасыл балдырлар), ал эукариоттарға өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануар және адамдар жатады.
Прокариоттық жасушалар эукариоттарға қарағанда пішіні кіші 0,5-3,0мкм болады. Олардың ядросы жоқ, сондықтан да олар прокариоттар деп бөлінеді. (грек сөзінен алғанда про-дейін, карион-ядро дегенді білдіреді). Жасушаның ішкі кеңістігі