СОДЕРЖАНИЕ
Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты
Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және
Митоз және мейоздың медициналық маңызы.
2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.
Онтогенездің жасушалық механизмдерi.
Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:
Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:
Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:
Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.
Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.
Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:
Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)
Ген, классификациясы және функциясы
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок
Репликацияның негізгі ферменттері:
Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:
Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі
Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі
Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары
Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы
Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
Жаңа синтезделген РНҚ молекулалары қайта синтезделетін РНҚ көшірмелеріне қалып (матрица) болады.Ақпараттың РНҚ-дан ДНҚ берілуі тек вирустардың белгі бір түрімен зақымдалған жасушаларда ғана болады. Оларға ретровирус, гепатит В вирутары және т.б. жатады.
Ретровирустартардың зақымдалған бөлігінде кері транскриптаза ферменті болады, ол фермент ДНҚ-ң қомплементарлы тізбегін синтездеу үшін бір тізбекті вирустық РНҚ-ын қалып ретінде пайдаланады. Вирустық РНҚ тізбегіндегі ақпаратты бар ДНҚ кері транскриптаза ферментінің көмегімен еселеніп қос спиральды ДНҚ молекуласын түзеді. Бұл қос тізбекті ДНҚ егесінің хромосомасының ДНҚ-на еніп провирусқа айналады. Мұндай жасушалар, мысалы, тауық эмбрионының жасушаларың ДНҚ молекуласының құрамындағы вирустық ДНҚ көшірмесі (провирус) ісік жасушаларына трансформацияланады.
Ақпараттың тікелей ДНҚ-дан ақуызға берілуі тек лабораториялық жағдайда, жасушаға кейбір антибиотиктермен (стрептомицин, неомицин) әсер ету in vitro экспериментінде байқалады. Бұл кезде антибиотиктер әсерінен өзгеріске ұшыраған рибосомалар ДНҚ тізбегінің біреуін ақуыз синтезіне қалып ретінде пайдалана бастайды. Табиғатта (табиғи жағдайда) ақпараттың арнайы берілу типі сипатталмаған.
Ақпараттың ақуыздан ДНҚ-ға немесе РНҚ-ға берілу болмайды және тыйым салынған түріне жатады.
Репликация
Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан ДНҚ-ға берілуін репликация
тұрақтандырады. ДНҚ синтезі тек бір 5’®3’ бағытында жүреді, ал ДНҚ тізбектері антипараллельді, сондықтанда ДНҚ бір тізбегі үздіксіз синтезделеді және оны лидерлік (бастаушы), екінші тізбекті ілесуші (артта қалушы) тізбек, қысқа кесінділер (Оказаки фрагменттері), түрінде синтезделеді, соңынан бұл кесінділер тізбектеліп жалғанады.
Элогация - ДНҚ репликациясының ұзару үдерісі, ДНҚ жаңа тізбегінің синтезіне бастама беретін РНҚ праймазаның қысқа фрагментті РНҚ праймерлерінің синтезделуінен басталады. Содан кейін РНҚ праймерлерге ДНК-полимераза байланысады да үздіксіз лидерлік тізбек синтезделеді. Ілесуші тізбектің лидерлік тізбектен синтезделу ерекшелігі ДНҚ қысқа, Оказаки фрагменттері түрінде синтезделеді. Ілесуші тізбектің синтезіне бірнеше праймерлер қажет, кейін олар эндонуклеаза көмегімен алынып тасталынады, орны бос қалады. Бос қалған орындар ДНК-полимеразамен көмегімен комплементарлы нуклеотидтермен толықтырылады да тізбектеліп лигаза ферментімен тігіледі.
Терминация - репликация ДНҚ бөлігінің терминациялық сайт деп аталатын арнайы нуклеотидтер қатармен аяқталады. Терминация tus генімен бақыланады, tus генінің өнімі болып табылатын tus ақуызы терминациялық сайтты танып байланысып үдерісті тоқтатады.
Репликация –көптеген ферменттердің қатысуымен жүретін күрделі үдеріс.