СОДЕРЖАНИЕ
Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты
Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және
Митоз және мейоздың медициналық маңызы.
2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.
Онтогенездің жасушалық механизмдерi.
Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:
Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:
Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:
Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.
Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.
Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:
Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)
Ген, классификациясы және функциясы
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок
Репликацияның негізгі ферменттері:
Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:
Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі
Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі
Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары
Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы
Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
| ДНҚфракциятүрлері | жалпы ДНҚ санына шаққандағ ы ДНҚ %мөлшері | Геномдағы кездесу жиілігі | Функционалдық маңызы | Структуралық құрылымы |
| 1. Уникальдысирек қайталанатын қатары | 56-75% | 1 рет | Структуралық және функционалдық гендерден тұрады | Эухроматин |
| 2. Орташа жиілікпен қайталанатын нуклеотидтер қатары | 8-15% | 100-10 000 көшірмелері | Гистонды ақуыздарда кодтаушы гендер, ақуыздар, тРНҚ және рРНҚ | Эухроматин |
| Көпқайталанатын нуклеотидтер қатары | 10-12% | от 10 000 до 1 000 000 көшірмелері |
бөліктері (құрылысытық қызметі)
спейсерлер (гендер арасын бөлуші), экспрессиясын реттейтін гендер (промоторлар, терминаторлар және т.б.) | Гетерохроматин Эухроматин |
митоздық бөліну кезінде хроматин аса жоғары дәрежеде ширатылған күйде болып хромосоманы қалыптастырады және осы кезде барлық гендердің транскрипциялық активтілігі тоқталады;
ә) мейозда, жыныс жасушаларының бөлінуі кезінде; тек омыртқалылардың мейоздық диплотена сатысындағы ерекше құрылысты хромосомаларында активтілік сақталады. (Vlad, 1983);
б) сүтқоректілердің аналық ағзаларындағы жыныстық екі Х-хромосоманың біреуі (сомалық жасушаларда) эмбриогенездің бастапқы сатыларында тығыздалып, гетерохроматиндік жыныстық Х-хромотинге немесе Барр денешігіне айналады. Осы – Х- хромосомадағы гендердің басым көпшілігі активтілігін жояды. Бірақ жаңадан түзіліп жатқан оотидтерде Барр денешігі болмайды, сондықтан Х-хромосомалардың екеуі де активтілігін сақтайды.
Аталық ағзалардың сомалық жасушаларындағы (ХУ) сыңар Х-хромосоманың гендері активті күйінде қалады. Алайда аталықтардың жыныс жасушаларындағы Х- хромосома сперматогенез басталғанға дейін активсізденеді, өйткені активті Х-хромосома сперматогенездің бұзылуына және бедеулікке себеп болар еді.
в) аталық ағзалардың жыныс жасушаларындағы гендер активті емес, олардың активтенуі тек ұрықтанудан кейін жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында жүреді.
г) транскрипциялық активтіліктің кешігуі сонымен қатар кейбір өсімдіктердің тұқымдарында, диапауза жағдайындағы жасушалардың гендерінде, бактериялар мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың спораларындағы гендерінде байқалады.
д) кейбір өсімдіктердің тұқымдарында жасуша (Artemia gastrulae), бактерия және саңырауқұлақтарының спораларының ядролары диапаузаға, түскен кездерінде