Материал: Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Осылайша, "тексеру" нәтижелеріне байланысты үш нұсқаның бірі таңдалады, бақылыу былай аяқталуы мүмкін:а) зақымданулар болмаған кезде-циклдің келесі кезеңіне тоқтаусыз өтеді;б) зақымданулар анықталған жағдайда ақауларды түзету үшін жасуша ағымдағы кезеңде кідіреді;в) егер анықталған бұзылулар ығыстырлмаса апоптоз механизмі іске қосылады.12-сабақ:Өзгергіштік.Геномдық және хромосомалық мутацияларӨзгергіштік – бұл орта факторларының әсерінен тірі ағзалардың өзгеруі және жаңа қасиеттер ие бола алу қабілеті. Фенотиптік (тұқымқуаламайтын) және генотиптік (тұқымқуалайтын) өзергіштік деп ажыратылады. Тұқым қуаламайтын немесе модификациялық өзгергіштік ағзалардың түрлі қоршаған орта факторларынан (температур, ылғал және т.с.с.) ағзалардың өзгере алу қабілеті. Бұл өзгергіштік типі генотипттің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан тұқым қуаламайды. Бірақ, кез-келген белгінің модификациялық өзгеру шегі, яғни норма реакциясы генотип арқылы беріледі. Сонымен қатар, тұқым қуаламайтын өзгергіштікке фенокопиялар мен морфоздар жатады. Фенокопиялар — сыртқы ортаның қолайсыз факторларының әсерінен мутацияға ұқсас фенотиптегі өзгерістер. Фенокопиялардың себептері: ұрықта оттегі жеткізіксіздігі (орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы); инфекциялық аурулар (токсоплазмоз, қызылша, сифилис); эндокриндік бұзылыстар; психикалық травма және эмоционалдық күйзеліс; цитотоксикалық немесе антиметоболиттік әсерлері бар дәрілік заттар (талидомид); микроэлементтердің (Fe, Co, Cu), дәрумендердің (С, Е, В1, РР және т.б.) жетіспеуі; алкоголизм; жүктілікке қарсы (контрацептивтерді) және жүктілікті үзетін дәрілік заттарды сауатсыз қолдану. Медицинада фенокопиялар — бұл тұқым қуаламайтын аурулар. Морфоздар – экстремалды немесе ерекше болып табылатын орта факторлары әсерінен болған тұқымқуаламайтын өзгерістер. Морфоздар сәулелену әсерінен болса - рентгеноморфоздар, ал химиялық заттар әсерінен болса—хемоморфоздар деп аталады. Морфоздарға тән ерекшеліктер: тұқымқуаламайды, адаптивті емес, әдетте, қайта қалпына келмейді. Мысалы: күйіктер, жарақаттар және т.б.Генотиптік немесе тұқымқуалайтын өзгергіштік генетикалық материалдың (генотиптің) өзгеруінен болады, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырады. Генотиптік өзгергiштiк комбинативтiк және мутациялық деп екi топқа бөледi.
Комбинативтiк өзгергiштiк генотиптік өзгергіштің бір түрі, бұл жағдайда бір түрге жататын ағзалар бір бірінен генотиптегi гендердiң басқаша топтасуының нәтижесінде ажыратылады. Бұл ата анасына тән емес, жаңа белгілердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ата-аналарының қан топтары 2 және 3 болса, онда баласының қан тобы 4 болуы мүмкін. Комбинативтік өзгергіштіктің механизмдері: 1. Гаметогенез кезінде, мейоздың анафазасында гомологты аталық және аналық хромосомалардың тәуелсіз ажырауы; 2. Кроссинговердің нәтижесiнде генетикалық материалдың рекомбинациясы; 3. Ұрықтану кезiнде гаметалардың кездейсоқ қосылуы.Комбинативтік өзгергіштіктің биологиялық маңызы өте зор, себебі ол бір түрге жататын даралардың генетикалық әртүрлілігін, оның өкілдерінің тірі қалуын қамтамасыз етеді.Мутациялық өзгергіштік – жасушаның генетикалық аппаратына сыртқы және ішкі факторлар әсер етуінен пайда болатын өзгергіштік. Бұл жағдайда генотип те, фенотип те өзгереді. Мутация нәтижесінде пайда болған белгілер ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Мутациялардың пайда болуы мен қалыптасу үрдісі мутагенез деп аталады.Жаңа мутациялардың пайда болуына алып келетін факторлар мутагенді факторлар деп аталады. Мутагендік факторлар физикалық (электро – магнитік сәулелер, қысым, температура, иондаушы сәулелер, радиоактивті өнімдер, УК-сәулелер және т.б.), химиялық (алкалоидтар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, еріткіштер, тотықтырғыштар, ауыр металл тұздары, цитостатиктер, спирттер, фенолдар және т.б.) және биологиялық (вирустар) деп жіктеледі.Адамдардаң жас мөлшері спонтанды мутацияның жиілігін арттыратын факторлардың бірі болып есептеледі.Мутациялардың көптеген жіктелулері бар:
1.Летальды2. Зиянды3. Нейтральды4. Пайдалы 1.Генеративті2. Сомалық 1.Биохимиялық2. Физиологиялық3. Морфологиялық
Мутациялар Пайда болу деңгеиі бойынша 1. Гендік2. Хромосомалық3. Геномдық Аллелдердің әерекеттесуі бойынша Көріну сипатына бойынша 1. Рецессивті2. Доминатты3. Аралық т.б.
1. Гипоморфты

2. Аморфты

3. Антиморфты

4. Неоморфты

5. Гиперморфты
Тіршілік қабілетіне әсері бойыншаПайда болу себебі бойыншаПайда болу орны бойыншаФенотипте көрінуі бойынша1.Спонтанды2. Индуцир-ленгенДәрігерлер үшін мутацияларды генетикалық материалдың өзгеру деңгейі бойынша жіктелуі маңызды: а) геномдық (хромосомалар санының геномдық деңгейде және жекелеген хромосомалар бойынша өзгеруі); б) хромосомалық (хромосоманың құрылысының өзгеруі); в) гендік (геннің құрылысының өзгеруі).Геномдық мутациялар – мейоздың немесе митоздың дұрыс жүрмеуі нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығының санының өзгеруі.Гаплоидия – ағзада хромосоманың бір жиынтығының болуы.Табиғи гаплоидия бактериялардың тіршілік циклында, бір жасушалы балдырларда, төменгі сатылы саңырауқұлақтарда, кейбір насекомдар мен буынаяқтылардың аталықтарында кездеседі.Жоғарғы сатылы жануарларда, адамдарда гаплоидия кездеспейді. Себебі гаплоидты ағза дами алмайды.Диплоидты хромосомалар санының хромосомалар жиынтығына артуы полиплоидия деп аталады (2n+n, 2n+2n,2n+3nжәне т.б.).Полиплоидияның пайда болу себептері: 1) митоз кезінде хромосомалардың ажырауының дұрыс жүрмеуі; 2) сомалық жасушалардың немесе олардың ядроларының қосылуы; 3) мейоздың дұрыс жүрмеуі нәтижесінде гаметаларда хромосомалар санының азаймауы.Адамдарда кез-келген полиплоидия түрі тіршілікке сәйкес келмейді, сондықтан полиплоидты эмбриондар жүктіліктің алғашқы мерзімінде спонтанды түсік реттінде жойылып отырады. Адамдардағы барлық спонтанды түсіктердің 20%-дан астамында хромосоманың триплоидты жиынтығы кездеседі (3n= 69).Сирек жағдайда триплоидты сәбилер өмірге келеді, бірақ өмірінің алғашқы сағаттарында немесе күндерінде өліммен аяқталады. Анеуплоидия(гетероплоидия) – диплоидты жиынтықтағы жекелеген 2n±1,2,3 … хромосомалар санындағы (артуы немесе кемуі) өзгерістер. Анеуплоидялар бөлінеді:
а) нуллисомия – кариптипте екі гомологты хромосомалардың болмауы (2n-2). Сирек жағдайда бидайдың кейбір сұрыптарында кездеседі. Басқа өсімдіктерде нулисомиктер тіршілікке қабілетсіз. Адамдарда нулисомиктер сипатталамаған;б) моносомия – кариптипте бір хромосоманың болмауы (2n-1). Адамда тек ғана бір моносомия белгілі – жыныстық Х хромосомасы бойынша моносомия (Тернер-Шерешевский синдромы);в) полисомия - кариотипте хромосомалар санының артуы. Оған трисомия (2n+1), тетрасомия (2n+2) және т.б. жатады.Адамдарда аутосомалық трисомиялар анықталған 13 (47, 13+), Патау синдромы; 18(47,18+), Эдвардс синдромы; 21(47,21+) Даун синдромы, сонымен қатар ер адамдарда жыныс Х-У – хромосомалары бойынша полисомиялар Кляйнфельтер синдромы (47, ХХУ; 48,ХХХУ); 47,ХУУ; 48ХУУУ және т.б. Әйел адамдарда жыныс Х- хромосомасы бойынша полисолмиялар – 47,ХХХ; 48,ХХХХ және т.б. кездеседі.Хромосомалық_аберрациялар'>Хромосомалық аберрациялар хромосомалардың құрылысының өзгеруіне байланысты болады. Бұл генетикалық материалдың азаюына, көбеюіне немесе гендердің орналасу ретінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Хромосомалық аберрациялар хромосома ішілік және хромосома аралық болып бөлінеді.Хромосомаішілік аберрацияларға жатады:1. Делеция (жетіспеушілік) – генетикалық материалдың азаюына алып келетін хромосоманың қандайда бір бөлігінің үзіліп, жоғалуы. Мысалы, адамда 5 хромосоманың қысқа иығының делециясы “мысық айқайы” синдромына әкеледі. Хромосоманың шеткі бөліктерінің жетіспеушілігі дифишенси деп аталады, бұл кезде сақина тәрізді хромосома пайда болады.2. Дупликация – генетикалық материалдың көбеюіне алып келетін хромосоманың қандайда бір бөлігінің екі еселенуі. Бұндай мутациялардың көбісі летальды болады, ал тірі қалған индивидтер ұрпақ қалдырмайды.3. Инверсия – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп, 1800 бұрылып қайта өз орнына жалғануы. Бір иықтың ішіндегі инверсиялар парацентірлік, ал егер инверсияға центромералық аймағы да кірсе – перицентрлік деп аталады. Хромосома аралық аберрацияларға транслокация жатады. Транслокация деп-бiр хромосоманың бөлiгi үзiлiп екiншi бiр гомологты емес хромосомаға жалғануын айтады. Транслокациялар бiрнеше түрге бөлiнедi: а) реципроктi транслокация - гомологты емес екі хромосомалар бiр- бiрiмен бөлiктерiмен алмасады;б) реципроктi емес транслокация - бiр хромосома екiншi гомологты емес хромосоманың бөлiгiн жалғастырып, өз көлемiн ұзартады;
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/218937