Материал: 1. сімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
тұқымын жақсарту бағытында үлкен мүмкіндіктер ашылды, атап айтқанда, жоғары өнімділікті жəне генетикалық потенциалы бар аталықтарды таңдап алу мен қолдану нəтижесінде, бүтіндей популяциялардың генетикалық құрылымын жедел өзгертуге қол жеткізілді. Сондықтан мал тұқымын жақсартуда аталықтардың ролі артты. Қазіргі кезде қолдан ұрықтандыру нəтижесінде генетикалық құнды бір аталықтан алынатын ұрпақ саны бірнеше мыңдаған басқа дейін жетеді.

3.

Эмбриондар тасымалдау (трансплантация) – эмбриондарды аналық-донордан (жоғары өнімді, құнды аналық эмбриондарын) аналық-реципиетке (құндылығы төмендеу, яғни басқаша айтқанда, суррогаты ене жатырына) тасымалдау əдісі. Мал шаруашылығындағы эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты жоғары өнімді аналықтардың генетикалық мүмкіндігін (резервін) толығынан пайдалану.

Эмбриондар тасымалдау əдісінің арқасында, жоғары өнімді малдардың аналық бездерінде көптеген аналық жасушаларының қоры болатындықтан, оларды пайдалану арқылы, ұрғашы даралардың биологиялық ерекшелігін мейлінше пайдалану мүмкіндігі артты. Сондықтан, генетикалық потенциалы бар малдарды толықтай пайдалану мақсатында, жоғары өнімді аналықтың эмбриондарын олардың дамуының ерте сатыларында өнімділігі төмен болғанымен, көбею қабілеттіліктері жақсы малдар жатырына тасымалдап қондыру əдістері зерттелді.

Осындай технологияның арқасында:

  1. жоғары өнімді аналықтың ұрпақ санын жедел арттыруға; 148

  2. организмдерді (зиготаларды) гамета жəне эмбриондар түрінде тасымалдау мен сақтау мүмкіндігіне;

  3. гаметалар мен эмбриондарды іріктеу нəтижесінде керек жынысты жəне қажетті физиолого-биохимиялық қасиеттері бар ұрпақтар алуға қол жеткізіледі.

Жалпылай алғанда мал тұқымын көбейту технологиясында атқарылатын жұмыстарды келесі кезеңдерден тұрады деп айтуға болады: донорларды, ұрықтық аталықтарды жəне реципиенттерді іріктеу, донорлардың суперовуляциясын шақыру жəне донор мен реципиент араларында күйге келу мерзімдерін синхронизациялау, донорды ұрықтандыру (табиғи жолмен немесе қолдан), эмбриондарды шайыу жолымен (смыв) бөліп алу, шайылып алынған эмбриондардың сапасын бағалау, дайын эмбриондарды реципиент жатырына орналастыру.

Қазіргі кезде малдарды көбейтуге бағытталған биотехнологиялық əдістер молекулалық жəне жасушалық биотехнология салаларымен өте тығыз байланыста. Жасушалық биотехнология – жасушалармен əртүрлі микроманипуляциялар жасау нəтижесінде, бағалы биологиялық қасиеттері бар организмдерді алуға

бағытталған ғылым саласы. Бұл мақсатта мал шаруашылығында пайдаланылатын негізгі зерттеу зерзаты ретінде ағзаның көбеюге арналған жасушалары (гонадалар) алынады.

Мал шаруашылығындағы жасушалық биотехнологиясы өз құрамында бір- бірін толықтырып тұратын екі ғылыми бағыттан құралады:

  1. Эмбриокультуральдық зерттеулер – бөлініп алынған жасушалардың (гаметалар мен эмбриондар) тіршілігі мен ары қарай өсіп-дамуына қажетті жағдайларды толықтай қамтамасыз етуге бағытталады. Эмбриокультуральдық зерттеулердің негізгі міндеттеріне:

А) гаметалар мен эмбриондарды өсіру (культивирование), Б) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру,

В) гамета мен эмбриондар банкін жасақтау,

Г) қоректік орталар жасау мен оларды
жетілдірулер кіреді.

  1. Жасушалық технологиялар бағалы, яғни генотипі «құрастырылған» малдар шығару мақсатында ядро мен жасушалық деңгейінде атқарылатын жұмыстар. Жасушалық технологиялардың мал шаруашылығындағы негізгі міндеттері қатарына:

А) денелік жасушаларын (соматикалық) гибридтеу; Б) клондау;

В) химерлі жануарлар жасау жұмыстары жатады.

  1. 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

Жануарлар биотехнологиясы əдістері


Ғалымдар биотехнология əдістерінің көмегімен малшаруашылықта жануарлармен əр түрлі эксперименттерді өткізеді. Осындай жұмыстың мақсаты – жануарлардың биологиялық бағдарламасын өзгерту. Осы жұмыс ұрық даму орнына тіркелмей тұрғанда өткізіледі. Ұрықты алып, «биотүзету» өткізіп, соны дамыту үшін физиологиялық ананың репродукция мүшелеріне еңгізеді.

Осындай жағдайда молекулярлы биотехнология, жасұша биотехнологиясы жəне көбейту биотехнологиясы малшаруашылықта жаңа ғылыми əдістерді жаратып отыр ұрық инженерия, ұрық дақылы, ұрық трансплантациясы.
Ұрық инженерия жануарлардың ағзаларынан генетикалық қорын тауып, алып, мүмкіншіліктерімен қолдану əдіс.
Ұрық дақылы – жануарлардың гаметаларының жəне ұрықтарының физиологиялық қорларының мүмкіншіліктерін іздеп табатын, олардың өмір сүру үдірістерін ағзаның ішінде жəне ағзадан бөлек сақтайтын малшаруашылықтағы биотехнологиялық əдіс.
Ұрық транспланттау жануарлардың репродуктивтік жүйесінің физиологиялық қорын іздеп, оның мүмкіншіліктерін анықтап, бағалы генотиптерді тездетіп көбейту үшін ұрықтарды транспланттау əдісімен қолданатын малшаруашылықтағы биотехнология əдісі.
Малшаруашылықта ұрық инженериясы, ұрық дақылы, ұрық транспланттау кешен жаратып, жануарлардың селекциялық, немесе, генетикалық қорларын ашады.

Жаңа биотехнология тірі организмдердің ӛмірге қабілеттілігіне араласу мүмкіндігін тудырады. Мына биотехнологиялық əдістер қолданылады. – гендік инженерия; – терапептикалық мақсатта мүшелер мен жасушаларды ауыстыру; – клондау – тірі организмнің жасанды пайда болуы; – жүйке жүйесінің физиологиясына əсер ететін
препараттарды қолдану

Қазіргі ХХІ ғасырдың жетістігі – биотехнология. Биотехнология жаңалықтарын ашуға қолдан ұрықтандыру, көбею фунциясын горманаль реттеу, эмбриондар трансплантациялау салаларындағы теориялық жаңалықтар негіз болды. Көбею биотехнологиясын мал шаруашылығында қолданудың болашағы орасан зор . Көптеген елдерде бұл осы күннің өзінде комерциялық жолға қойылған. Жануарлар эмбриондарын трансплантация бойынша зоотехнияда үлкен прогресс жасалған. Бұл əдіс селеукция-асылдандыру жұмыстарында мықтап орын алды. Біз қазір трансплантация əдісінің жетілдіру өзекті мəселелерден болып қалып отыр.

Бəрімізге белгілі, Қазақстанда қайта құру кездерінде мал басы күрт қысқарып кетті. Сондықтанда, Республикада мал басын жылдам қарқында көбейту маңызды мəселелердің бірі. Донорлар дегеніміз — генетикалық бағалы ооциттер мен эмбриондар алынатын аналық мал басы.

Аталықтар деп отырғанымыз , донор аналықтарды ұрықтандыратын аталық жануарлар. Ол жануарларда аса бағалы генотипі ген, физиологиялық жағынан сау аталық қасиеті жақсы дамыған жануарлар түрінің аталықтары болуға тиіс. Демек, дəл осы сияқты жануарлар ғана мал басын көбейтуге қатысады. Жай шаруашылық жануарлары дегеніміз генотипі бойынша онда бағалы емес, бірақ физиологияылқ жанынан дендері сау, көбею қабілеттері дұрыс жануарлар. Бұл топтағы жануарларға реципиенттер жатады. Реципиенттер дегеніміз – биотехнологиядағы бөгде эмбрионды қашан бала туып болғанша өсіретін жануарлар тобы. Жай шаруашылық жағдайларына жататынында тағы да күйттеуші аталық күйттеуіштер жатады. Күйге келген

аналықтарды анықтап табуға пайдаланылатын аталық жануарлар. Олар да физиологиялық жағынан дендері сау, көбеюге қабілетті жануарлар.

Эмриотрансплантация – зерттеудегі көбейту биотехнологиясы əдістерін қолдануға
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/173944