Материал: 1. сімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
кесіндісін көп мөлшерде көбейтіп алу полимеразалық тізбектік реакция(ПТР) арқылы жүргізіледі.

ПТР-инвитор жағдайында ДНҚ-ны амплифизикациялау əдісі. Амплифиз-у əдісі 3 сатыдан тұрады. Ол үшін кесіндінің нуклеотидтік ретін біліп, сол арқылы 2 олигонуклеотидтік праймер синтезделу қажет.

  1. ДНҚ-ны кесінділерге бөлшектеу- бұл кезең эндонуклеазалар тобына жататын рестриктаза ферменті арқылы жүргізіледі. Адам генетикасында 2 тізбектік ДНҚ-ны 4-6 жұп негіздерден тұратын нуклеотидтік реті белгілі бір аймақтарды кесетін 10 шақты əр түрлі рестриктазалар қолд.

  2. ДНҚ кесінісін электрофорездеу-ДНҚ кесінділері мөлшеріне байланысты жылдамдыпен тұрақты электр өрісінде теріс полюсінен оң полюсіне қарай жылжиды. Əр бөліктіің ұзындығын, оның өткен жолын, мөлшері белгілі ДНҚ-ң стандарттын үлгісінің өткен жолымен салыстыру арқ. білуге болады.

  3. Гендегі кесінділерді анықтау(агарный гель)-ДНҚ-мен байланыстыратын этидибромидімен өңдейді. Ультракүлгін сəуле арқылы қарағанда гельдің бетінде ол қызыл түсті жарық болып көрінеді.

  4. ДНҚ кесінділерін идентификациялау н/е танып, ажырату- қажетті кесінділері гельден табу Саузерннің блот будандастыру əдісі арқылы жүргізіледі.

  1. Пренатальдық диагностикалау əдіс-зерттеу үшін тікелей ұрық ұлпасынан н/е провизорлық мүшелерінен(плацента, амнион сұйықтығы, хореон) эмбрионалдық материал алуға мүмкіндік беретін əдістер тобы. Прнеат-қ диагностика инвазиялық жəне инв-қ емес деп бөлінеді.

А)Инв-қ əдісте-жүктіліктің əртүрлі кезеңінде трансобдомикалды(құрсақ арқылы) ж/е трансцервикалды(қынап арқылы) құрсақтаға эмбрион клеткасынан бөліп алып, цитогенетикалық, мол-гентетикалық, биохим-қ əдістер арқылы зерттеп анықтайды. Цитоген- қ əдіс арқылы құрсақтағы баланың кариотипін хр-лық бұзылысын, бихим-қ əдіс арқылы кейбір ферменттңғ белсенділігін жəне
кнсентрациясын мол-ген-лық əдіс арқылы гендегі мутацияның бар-жоғын анықтайды.

Инвазиялық əдіске

  1. Хориоцентез-жүктіліктің 8-11 аптасында іш пердесін тесу арқылы н/е қынап арқылы УДЗ(ультрадыбыстық зерттеу) аппатымен бақылау арқылы хорион бүрлерінен кесінді алу.

  2. Амниоцентез-ұрық көпіршігін тесу арқ. Амнион сұйықтығын жəне ондағы ұрық клеткаларын алу əдісі. Жүктілікің 15-18 аптасында жүргізіледі. Туа біткен ақаулықтарды анықтауда қолд.

  3. Кардоцентез- жүктіліктің 18-22 аптасында кіндік тамырларынан қан алу əдісі. Алынған қан цитогенетикалық, биохим-қ ж/е мол-генет-қ əдістерменталдау жасалады.

3. Биотехнология негіздері.


1. Биотехнологияның қазіргі жағдайы жəне даму преспективалары.

  1. БИОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ПРЕСПЕКТИВАЛАРЫ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ



    1. Биотехнология ғылымының даму кезеңдері


Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пəн ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.

  1. Пастер ғасырына дейінгі эра (1865ж.) Сыра, шарап, нан өнімдерін жəне сыра ашытқыларын, ірімшік алғандағы спирттік жəне сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын жəне ферментативті өнімдірді алу.

  2. Пастер ғасырлық кезеңі (1886-1940 жж.) – этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды алу. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқылар өндіру.

  3. Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж.) – тереңдетілген ферментация жолымен пеницилл жəне басқа антибиотиктерді алу. Өсімдік жасушаларын дақылдау жəне вирустық вакциналар алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы. 4.Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975жж.) – микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу.

Иммобилизацияланған ферменттерді жəне жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суды анаэробты тазалау жəне биогаз алу. Бактериальды полисахаридтерді өндіру.

5.Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) – биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық жəне генетикалық инженерияны қолдану. Моноклональды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды жəне меристемді дақылдарды будандастырып алу. Эмбриондарды трансплантациялау[5].

    1. Қазақстанда биотехнологияның даму жағдайы


1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметімен Ұлттық биотехнология орталығы (ҰБО) құрылды. ҰБО құрамына: ғылыми-өндірістік жүйе “Прогресс”(Степногорск қ.), М.А.Айтхожин атындағы молекулярлық биология жəне биохимия институты (Алматы қ.),Микробиология жəне вирусология институты (Алматы қ.), Алматылық биокомбинат, Ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылық институты(қазіргі Биоқауіпсіздік ғылыми зерттеу институты), кейін қайта құрылған Физиология, генетика жəне өсімдіктердің биоинженерия институты(Алматы қ.)жəне Республикалық микроорганизмдер коллекциясы (Астана қ.) кірді.

“Прогресс” ғылыми-өндірістік жүйесіне мал жəне ауыл шаруашылығына қажетті ірі тоннажды биопрепараттардың өндірілуі салынды. Бұл жерде лизин аминқышқылын шығарды, оны жемге қоспа ретінде қолданды, тағам өнеркəсібіне қажетті – амилосубтилин жəне глюкамоворин, инсектицидті препараттар бактоларвицид жəне лепидоцид.

Алматылық биокомбинат, ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты вирусты жəне бактериялық этиологиясы бар антропозоонозды

инфекцияның алдын алу жəне зерттелуі үшін иммунды сарысу мен вакцинаны, диагностикумдарды шығарады.

Өндірістік биотехнология институты (Степногорск қ.), орталық зауыттың зертхана қорында қалыптасқан Ғылыми – Өндірістік Жүйе “Прогресс” технология өндірісімен, тəжірибелі өнеркəсіптік жаңа биопрепараттарды өндірумен айналысады. Институтта “Бифидумбактерин құрғақ” пробиотигі, “Феррим” протеолитикалық ферменті, қаймаққа арналған ашытқыны жəне басқа препараттарды өндіреді.

Микробиология жəне вирусология институты, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университететінің микробиология кафедрасы өндірістік микроорганизмдердің өндірілуімен көп жылдар бойы жұмыс істеген. Саңырауқұлаққа қарсы

штамм-продуцент розеофунгин антибиотигі селекцияланды. Құрғақ топинамбур
сығындысының қосылуымен бифидобактериялар жəне лактобациллалар негізінде пробиотикалық консорциум өндірілген. Топырақты жəне суаттарды ластайтын, ауыр металдарды (сынап, қорғасын, кадмий жəне т.б) сорғыш қасиеті бар микроорганизмдерді зерттеген. Мұнай жəне мұнай өнімдерін белсенді ыдырататын, мұнаймен ластанған Қазақстанның аймақтартарынан бацилла жəне псевдоманад штамдары селекцияланған, пробиотикалық қасиетке ие сүтқышқылды бактериялар жəне ашытқы дақылдары зерттеліп алынған.

Өсімдік биоинженериясы жəне генетика, физиология институтында бидай жəне арпаның тездетілген селекция технологиясы өндірілді, онтогенез үдерісіндегі өсу ағзасында фитогормондардың рөлі зерттелуде, “Алтынай” сұрыптау күріш алғаш пайда болды.

М.А.Айтхожин атындағы молекулярлық биология жəне биохимия институтындақалыпты генетикалық трансформация жəне регенерация əдістерімен трансгенді картоп, вирусты инфекцияға тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тұрақты трансгенді жүгері, гербицидті фосфинотрицинге тұрақты трансгенді темекі алынды.

Республикалық микроорганизмдер коллекциясы биотехнологиялық өндіріс үшін қажетті, өндірістік микроорганизмдер ресурстарының кеңеюіне жəне сақталуына жауапты.

ҰБО зертханаларында моноклональды антиденелер технологиясы, диагностикалық иммунды-ферментті тест-жүйелерін даярлап қолданылуы, бидай түрлерінің алунуы, топырақтың тұздалуына, фитопатогенге тұрақтылық жасалған.

Биотехнология туралы қолданбалы жұмыстар жəне ғылыми-зерттеулер əр-түрлі институттарда жəне Ауыл шаруашылық министрлігі мекемесінде, Қоршаған ортаны сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес мекемелерле жүргізілетінін айтып өту керек.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша ҚР ҰБО даму тұжырымы бекітілген, биотехнологиялық ортада ғылыми-зерттеулік мекемелер дүние жүзілік үлгі – қалып қолайлығына қадағаланған. Институттарда қазіргі заманғы
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/173944