Материал: Бекишев ., Танабаева Б. А. Шыарылан химия есептері (8 11 сыныптар) Алматы аза университеті, 2018

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам




  1. Аморфтық кремнийді кварц құмын магниймен тотықсыздандырып алады. Алынған қатты заттардың қоспасынан кремнийді қалай бөледі? Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі:


SiO2 + 2Mg (артық мөлшерде) = 2MgO + Si ( 800-9000C, Ar) Магнийдің артық мөлшерін қолданғандықтан түзілген кремний артылып қалған магниймен әрекеттесіп, магний силицидін түзеді:
Si + 2Mg = Mg2Si
Қоспаны тұз қышқылымен өңдегенде кремнийден басқалары ериді:
MgO + 2HCl = MgCl2 + H2O

Mg2Si + 4HCl = 2MgCl2 + SiH4Түзілген силан ауада өздігінен тұтанады:

SiH4 + 2O2 = SiO2 + 2H2O


  1. Келесі айналуларды жүзеге асыруға болатын химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі:


Si → Mg2Si → SiH4↑ → SiO2 → Si → Na2SiO3 → H2SiO3 → CaSiO3

  1. Si + 2Mg = Mg2Si

  2. Mg2Si + 4H2O = 2Mg(OH)2 + SiH4↑ (SinH2n+2 қоспалары, n>1) Mg2Si + 8HCl = 4MgCl2 + Si↓ +H2↑+ SiH4

Mg2Si + 4NH4Br = 2MgBr2 + 4NH3↑+ SiH4

3) SiH4 + 2O2 = SiO2 + 2H2O ( 1500C)

4) Si + O2 = SiO2 (1200-13000C)

5) SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si (800-9000C, Ar) SiO2 + 5C (кокс) + CaO = Si + CaC2 + 3CO (800-10000C)

  1. Si + 2NaOH +H2O = Na2SiO3 + 2H2

  2. Na2SiO3 + 2HCl = 2NaCl + H2SiO3↓ H2SiO3 = H2O + SiO2

SiO2 + CaCO3 = CaSiO3↓ + CO2


  1. Шынының құрамы Na2O · CaO · 6SiO2 формуласымен өрнектеледі. Массасы 100 кг шыны алу үшін қанша натрий карбонаты, кальций карбонаты және кремний диоксиді қажет? Бұл заттарды балқытқанда жүретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі:


Натрий карбонаты, кальций карбонаты және кремний диоксидін (кварц) жоғары температурада балқытқанда жүретін реакция теңдеулері:

t0

Na2CO3 + 3SiO2 Na2SiO3 · 2SiO2 + CO2

t0

CaCO3 + 3SiO2 CaCO3 · 2SiO2 + CO2
Екі реакцияны біріктіріп жазайық:

t0

Na2CO3 + CaCO3 + 6SiO2 Na2O · CaO · 6SiO2 + 2CO2
100 кг шыны алу үшін қажет натрий карбонатының массасын х г, кальций карбонатының массасын у г, кремний диоксидінің массасын z г деп, химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорция құрайық:

x г y г z г 100·103 г

Na2CO3 + CaCO3 + 6SiO2 Na2O · CaO · 6SiO2 + 2CO2

106 г/моль 100 г/моль 60 г/моль 478 г/моль
Бұдан: x = 22,2·103 г = 22,2 кг Na2CO3 y = 20,9·103 г = 20,9 кг CaCO3

z = 75,31·103 г = 75,31 кг SiO2

  1. Неліктен сілті ерітінділерін шыныда емес, пластмасса шөлмектерінде ұстайды?

Шешуі:


Шыны құрамындағы SiO2 сілті ерітінділерімен реакцияға түсуі мүмкін.

  1. Балқытқыш қышқылмен шыныны өңдеу процесін өрнектейтін реакция теңдеуін жазыңыздар.

Шешуі:


Шыны құрамындағы SiO2 балқытқыш қышқылмен әрекеттеседі:

SiO2 + 4HF = SiF4↑ + 2H2O


  1. Массасы 1 кг кремний алу үшін құрамында 10% бөгде қоспалар бар қанша кварц құмы қажет? Реакцияның шығымы - 80%.

Шешуі:


Реакция теңдеуі бойынша пропорция құрамыз:

m г 1000 г

SiO2 + C = Si + 2CO

60 г/моль 28 г/моль

Бұдан: m(SiO2) = 60∙1000 / 28 = 2143 г
Егер 2143 г - 90% болса,

Онда х г - 100% болғаны. Бұдан: х = 2143∙100/90 = 2381,1 г (құм).
Реакция шығымы 80% екенін ескерсек:

2381,1 г - 80%,

у г - 100 %.Бұдан: у = 2381,1 ∙100 / 80 = 2976,3 г.
Жауабы: 2976,3 г.


  1. Кремнийдің 28Si, 29Si, 30Si изотоптарының құрамында қанша протон және нейтрон бар?

Шешуі:

Изотоп

Атомдық номері

Протон саны

Нейтрон саны

Массалық саны

28Si

14

14

14

28

29Si

14

14

15

29

30Si

14

14

16

30




  1. Кремний қандай металдармен химиялық қосылыстар түзеді?

Шешуі:


Si + Me = MeSi (Me = Na, K, Rb, Cs)

Si + Me = Me2Si (Me = Mg, Ca)

Si + Me = MeSi (MeSi2) (Me = Ca, Sr, Ba)

2Si + Me = MeSi2 (Me = La, Th, Ti, Cr, Mo, Mn, Fe)

  1. Кремнийдің сілтілермен әрекеттесуінің химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.

Шешуі:


Si (аморф.) + 4NaOH (конц) = Na4SiO4 + 2H2O Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2

§ 7.8. Азот





  1. 200C-та 1 л суда 6,8 · 10-4 моль азот ериді. Азоттың ерігіштігін грамның литрге қатысында өрнектеңіздер. Суды ығыстыру арқылы азотты жинауға бола ма?

Шешуі:


1 л суда еритін азот газының массасын табамыз:

m(N2) = ν(N2) · M(N2) = 6,8 · 10-4 моль · 28 г/моль = 1,904 · 10-2 г;
Азоттың ерігіштігін грамның литрге қатысында өрнектейміз:

S20C(N2) – 0,01904 г/л H2O.
Азот газының суда ерігіштігі өте аз болғандықтан, оны суды ығыстыру арқылы жинауға болады.


  1. Егер ауада азоттың көлемдік үлесі 78% болса, онда 1 м3 ауадан қалыпты жағдайда қанша литр азот алуға болады.

Шешуі:


1 м3 = 1000 л екенін ескере отырып, пропорция құрамыз: 1000 л (ауа) - 100%,

V(N2) - 78%. Бұдан: V(N2) = 780 л.

Жауабы: V(N2) = 780 л.


  1. Ағылшын ғалымдары Релей мен Рамзай ауадағы оттекті аластау арқылы алынған газтектес азот аммоний нитритін термиялық жолмен қыздырып алынған азотқа қарағанда сәл ауырлау болғанын байқаған. Мұны немен түсіндіруге болады?

Шешуі:


Лорд Рэлей аммоний нитритін қыздырғанда (NH4NO2 = N2↑+ 2H2O) алынатын азот ауаны сұйылту арқылы алынған азотқа қарағанда сәл ауырлау болғандықтан, ауаның құрамында сол уақытқа дейін белгісіз және молярлық массасы оттек пен азоттан ауырлау бір газ болуға тиіс деп жорамал жасады. Рэлейдің химик Уильям Рамзаймен бірігіп жасаған зерттеулері бойынша оның мөлшері небәрі 1%-тен аспайтындығы айқындалды. Ол газ ешқандай да реакцияларға

түспегендіктен, оның атын «аргон» (грек тілінен аударғанда «инертті») деп қойды. Периодтық жүйедегі заңдылықтарға сүйене отырып, Рамзай гелийден басқа да инертті газдар болуға тиісті екенін және олар гелий орналасқан
топшадағы бос орындарды толтыру керек екендігін түсінді. Рамзай 1895 жылы бұрын спектрі бойынша күннен табылған гелийді жер атмосферасынан тапты. Келесі 3 жылдың ішінде У. Рамзай осы топқа жататын тағы үш газды тапты: криптон, ксенон және неон. Инертті газдар топшасының соңғы мүшесі радиоактивті газ радонды У. Рамзай 1903 жылы тапты. Инертті газдарды ашып, олардың қасиеттерін зерттеп және периодтық жүйедегі орындарын анықтағаны үшін Рэлей (физика саласы бойынша) мен Рамзай (химия саласы бойынша) 1904 жылы Нобель сыйлығының лауреаттары болды. Қазіргі ғылым мәліметтері бойынша құрғақ ауаның құрамы мынадай (мол.%):

Газ

N2

O2

Ar

CO2

Ne

He

Kr

H2

Xe

χ(%)

78,09

20,95

0,93

0,03

1,8∙10-3

5,24

1∙10-4

5∙10-5

5∙10-6




  1. Аммиакты оттекпен тотықтырғанда (жағдайға байланысты) әр түрлі өнімдер алынады? Реакция теңдеулерін жазып, оларды жүзеге асыруға болатын жағдайларын көрсетіңіздер.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/120754